ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ КАРАНТИНДІ ҰЗАРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

20:31, 29 шілде 2020

Елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Президент эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, үкіметке осындай тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуі мүмкін екенін ескере отырып қабылдаған. Дегенмен, мемлекет басшысы қатаң карантин шараларын осы екі аптада кезең-кезеңмен жеңілдетуді жөн санайды. Тек  коронавирусқа шалдығушылардың және содан келген өлім-жітім көрсеткішін одан әрі төмендету үнемі басты назарда болуы тиіс.  Кеңесте үкімет басшысы Асқар Мамин халықтан тест сынамасын алу, ауруханаларды дәрі-дәрмекпен, медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету секілді негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердегі ахуалға тоқталды. Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жолдарын баяндады. КЕСТЕ. Айта кетейік, елімізде 5 шілдеден бастап қатаң карантин енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылар саны 29 пайызға төмендеген. Бір күндегі науқастар саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43%, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27%  азайған. Ал сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...