ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

20:31, 13 тамыз 2019

Президент ақордада  экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді. Оған  үкімет басшысы мен Ұлттық банк төрағасы, Экономика министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері қатысты. Олар 7 ай қортындысы туралы баяндама жасады. КСМ:  Жиында азық-түлік бағасы мен тарифтерді төмендету мәселесі мен әлеуметтік бағдарламалардың іске асу барысы талқыланды. Президент бұл салаларда жұмысты жандандыру үшін жаңа тәсілдерді ұсынудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерден бөлек, әлемдегі ахуалдарды ескеріп, экономиканы дамытудың орта мерзімді бағдарламасын айқындау қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмыс сапасын төмендетпеу үшін барлық әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуына  баса мән беруді тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ  Ә. ТҰРҒАНБЕКОВКЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
20:32, 15 тамыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Ә. ТҰРҒАНБЕКОВКЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар