ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ

13:01, 20 қыркүйек 2019

Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент болғалы  100 күн өтті. і «билік тізгінін қолға алғанына үш айдан сәл асқан Қасым-Жомарт Тоқаев кім?» – деген сауал көпшіліктің көкейінде жүруі мүмкін.  Мәселен, мемлекет басшысы бала, студент кезінде қандай болды? Ұлттық арна редакциясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейін жарияланбаған суреттері және немере әпкесінің сұхбаты бар. Олай болса, екінші президенттің портретін ашуға тырысқан тілшіміз Альбина Әшімнің бейнематериалына назар салайық.

Бұл – президенттің әкесі Кемел Тоқаевтың туған жері. Алматы облысы Қаратал ауданындағы Калпе ауылы Тоқадан тараған ұлдарын мақтан тұтады. Енді бұл жердің жұрты кемеңгер жазушы Кемел Тоқаевпен бірге қазіргі президенттің атын да жиі айтады.

- Жалғыз бауырым ғой артымда. +скл  телебізірден көремін, көргенде қуанып отырамын.

Жасы жетпіске жеткен Мақпура апай – Қасым-Жомарт Кемелұлының немере әпкесі. Әкелері ағайынды.  Мамыр айында жазып алған сұхбатымызда ол президенттің бала кезде қандай болғанын еске алды.

МАҚПУРА ӨМІРБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТУЫСЫ:

- Менің әкем барғанда кішкене төбелесіп қалатынбыз. Папамызға таласып. Шал жоқ қой. Атам деп таласып қалатынбыз. Ойнайсың бірге, бірге жүресің. Қасым-Жомарт өзі терең ойлайды және оқуды жақсы оқыды. Терең ойлап, терең сөйлейтін. Бұрыннан, бала кезінен сондай. Көп сөйлемейтін. Өзіміздің тұқымымызда сондай.

Мәскеуге оқуға түскен соң, Мақпура апай бауырын біразға дейін көрмегенін айтады. Міне, сол студенттік шағынан естелік сурет. Бұған дейін еш жерде жарияланбаған екен. Университетті тәмамдаған соң еңбек жолын КСРО Сыртқы істер министрлігінде бастаған Қасым-Жомарт Кемелұлы кейін дипломатиялық қызметтер атқарды. Табиғатынан салмақты саясаткердің бұл қасиетін жанында жүрген үзеңгілестері де үнемі атап өтеді. Қасым-Жомарт Кемелұлымен Сенатта бірге қызмет еткен депутат Сәрсенбай Еңсегенов оның үнемі әдеп сақтап, өзгеге өнеге бола алғанын еске алды.

СӘРСЕНБАЙ ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Ол кісі деген салмақты ғой, сабырлы. Ешқашан эмоциясын көрсетпейді ғой. Ешқандай. Айтып отырғаным сол ғой, бектер көркі – сергек сезім, сабыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент қабырғасында қандай да заң жобасында талқылау кезінде қанша депутаттар тарапынан өткір сұрақтар қойылып, немесе қызу пікірталас болып жатқанда ол кісі ешбір депутаттың сөзін, пікірін тоқтатып, я болмаса, Сенат төрағасы ретінде өзінің қызметін асыра пайдаланғанын көрген жоқпыз.

Бұл – мемлекет басшысының Оралға жұмыс сапары кезіндегі бейнеден үзінді. Спорт кешенін аралап жүріп, жастардың ойынына қызыққан президент өзі де қалыс қалмады. Жалпы, жалынды жастар ортасына түсе қалса, мемлекет басшысының олардың тілінде сөйлеп, олардан қуат алатыны байқалады. Оған президенттің әр өңірге барған сайын жеткіншектермен үнемі фотоға түсіп, сэлфи жасайтыны дәлел.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:54, 23 қазан 2019
ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар