ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫ

20:30, 10 қыркүйек 2020

Бұдан соң мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрды. Президент күзгі орақ науқанымен танысып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Қасым-Жомарт Тоқаев қонақ болған Чапаево ауылында «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Оған сәйкес оңтүстік аймақтардан отбасылар көшіп келіп, жұмысқа орналасады.  

Солтүстік Қазақстандағы астық алқабы екі миллион гектардан асады. Осы күнге дейін егіннің 75 пайызы жиналды. Аграрлы аймақта техника мәселесі қашан да өзекті. Сондықтан облыс немістің «Claas» концернімен келісімге келіп отыр. Жыл соңында трактор мен комбайндар Петропавлда құрастырыла бастайды. Мұның арқасында диқандар неміс техникасын сырттағыдан екі есе арзанға ала алады. «Егін мерседесін» сынап үлгерген шаруалар бұл жаңалыққа дән риза.

Мемлекет ұсынып отырған тиімді жобалар аз емес. Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасы». Алайда президент бұл бағдарламаның тетіктері әлі де толық жұмыс істемей жатқанын тілге тиек етті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Мен үкіметті баяу басталғаны үшін сынап едім. Сынның әсері болар: қазір өңір басшыларымен байланыстан соң бұл бағдарламаның қарқын ала бастағанын байқап жүрмін. Бастысы, іс жүзінде нәтиже бар. Бұл облысқа отыз бес миллиард теңге бөлінген. Бір қарағанда, азғантай сома сияқты, алайда бастапқы міндеттерді орындау үшін жеткілікті деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы осы бірегей бағдарлама бойынша оңтүстіктен көшіп келген отбасылармен жүздесті. Былтыр солтүстікке жеті жүзден астамы қоныс аударса, биыл тағы жеті жүзі қамданып отыр. Оспановтар былтыр Арыс қаласынан көшіп келіп, бір жылда орнығып алды. Алты баласының үлкендері университетке грантқа түссе, кішілері ауыл мектебінде оқып жүр. Отағасы осы жердегі сүт фермасына жұмысқа орналасқан.

 ДҮЙСЕНБІ ОСПАНОВ, ЧАПАЕВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Климаты ұнағаннан кейін осы жерде қалып, подъемный бәрін алып, осы жерге орналастым. Жылдан асты. Өткенде грант алып, соған мал алдым. + скл Халқы жақсы, содан сіңісіп кеттік қой.

Аты айтып тұрғандай «Еңбек» бағдарламасының басты міндеті -  теріскейге көшіп келгендерді жұмыспен қамту. Ал жаңадан салынған үйлер бес жылдық мерзімге жалға беріледі. Ай сайын 11500 теңге. Кейін өз атына аударып алады. Тың жоба ауылдардағы құрылысты жандандырып, тынысын кеңейтті. Тіпті, батыс көрсе де ауыл-аймаққа қайтып келгендер де бар.

Дегенмен, түйткіл де аз емес. Президент ауылдарда ауыз су мәселесінің шешілмеуі жергілікті билікке сын деді.

Ауылдағы тағы бір өзекті мәселе: әкімдіктердің бюджетін ұлғайту. Президент әр ауылды аралай алмайды. Араламауы да тиіс. Орталық билік пен үкімет елдімекендердің тиісті қаражатпен қамтуға жауап беруі тиіс. Ал жерігілікті мәселені жергілікті биліктің өзі уақытында шешіп тұруы абзал. Сондықтан Қасым¬-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тұрғындары өздері сайласа, әр сауалдың сұрауын да сұрай алады.

Өңірдегі жаңа әрі тың жобалардың бірі – фанер шығаратын зауыт. Бизнеске ақша құйған түрік инвесторы ақ қайыңдар өлкесінің әлеуетін ұтымды пайдаланбақ. Жылына он сегіз мың текше метр өнім шығаруға мүдделі. Оның жартысы ішкі нарықты қамтыса, қалғаны сыртқа шығарылмақ.

ОГУЗХАН ЧЕЛИК, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

- Түркияда ақ қайың ағашы жоқ, бізге Петропавл қаласының жақсы болған себебі үлкен запас болғаны. 800 мыңнан көп запас бар жылына. Бізге жылына отыз мың потребление бар. 

Бұдан бөлек биоэтанол цехі, қалайы, вольфрам өндіретін кешендер салу жоспарда бар.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Президент жолдауында өңдеу өнеркәсібінде өнімнің көлемін бес жылда 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Біздің облысымызда елу инвест жоба, құны 257 млрд теңге. Біразы басталып кетті. Соның нәтижесінде біз өңдеу өнеркәсібіндегі шығарған өнім көлемін бес жылда екі есе көтере аламыз.

Осылайша Солтүстік Қазақстан нан мен малдың ғана аймағы деген таптаурыннан да құтылмақшы.

 

Тақырып бойынша материалдар

IX АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА 650-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС АЙТЫЛДЫ
20:31, 27 қараша 2020
IX АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА 650-ДЕН АСТАМ ҰСЫНЫС АЙТЫЛДЫ
Толығырақ...
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ: ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ҮДЕМЕЛІ ДАМУДЫҢ 30 ЖЫЛЫ
20:33, 26 қараша 2020
ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ: ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ҮДЕМЕЛІ ДАМУДЫҢ 30 ЖЫЛ...
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ИГЕРІЛМЕГЕН
20:32, 26 қараша 2020
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ИГЕРІЛМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
17:21, 25 қараша 2020
ОБЛЫСТА БІР ТӘУЛІКТЕ 112 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...