ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

17:55, 24 қаңтар 2020

Қазақстанның заңнамасына сай келмейтін шетелдік көліктерді елге кіргізбеу керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.  Бізде Қырғызстан мен Ресейден сенімхат арқылы көліктерді алып, елде тіркемей айдап жүреді. Алайда заңнаманы бұзып, техникалық құжаттарды ресімдейді. Ондай  көліктер есепке тіркелмегендіктен саны бірнеше мыңнан асып кетті деді мемлекет басшысы. Президент үкіметке  бір айдың ішінде Қазақстан азаматтарының Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бұл көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Мұндай көліктер техникалық регламенттің талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ, тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы да төлеуі қажет. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі керек.

Сондай-ақ, президент Алматы маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккендердің барлығы үкімет пен әкімдіктен көмек алуы тиіс екенін айтты. Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуы бойынша, қаза болғандардың отбасына 4 миллион теңгеден төленген. Ал зардап шеккен 52 адам бар. Олардың құжаттары толықтай дайын. Енді жақын арада барлық һтемақы төленеді. Жергілікті атқаруоргандары мен министрлік тарапынан да көмек көрсетіледі деді вице-премьер.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ұшақ апатына қатысты қайғылы жағдайды білеміз. Зардап шеккендер тарапынан маған өтемақы ала алмай отырмыз деген хаттар келді. Ауруханада жатқандары бар, кейбірі еңбекке жарамсыз боп қалған. Өтемақы беруді жеделдету қажет. Зардап шеккендерді барлығы үкімет пен әкімдіктен көмек алуы тиіс. Әкімдер осы мәселені назарда ұстасын. Мәселені тездетіп шешіңіздер.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ
17:53, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАС МҮФТИМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
20:31, 20 ақпан 2020
ПРЕЗИДЕНТ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар