ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

13:01, 2 қыркүйек 2019

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет ел халқына жолдауын жариялады. Президент сөз басында сайлау алды бағдарламамда халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын деп айтты. Соның бірі ретінде қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып екі жақты диалогты күшейту үшін бірқатар жұмыстар қолға алынбақ. Президент алдағы уақытта митингтер туралы заңды жетілдіру керектігін де айтты. Конституцияға сәйкес, азаматтарымыз өз ойын еркін білдіру құқығына ие. Егер ондай акциялар заң мен азаматтардың тыныштығын бұзбайтын болса, заңда көрсетілген тәртіп бойынша митинг өткізуге рұқсат берілу керек. Ол үшін арнайы орын бөлу қажет деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  Президент сондай-ақ парламентке зорлық-зомбылық, педофилия сынды ауыр қылмыстарға қатысты жазаны қатаңдату туралы тапсырма берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біз гуманмзацияға қатты мән беріп кетіп,азаматтардың негізгі құқықтарын ұмыта бастадық. Бізге есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату қажет. Әсіресе балаларға қарсы жасалған қылмыстарға қатысты. Бұл жұмысты  Парламент пен Үкіметке тапсырмамын.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 20 қаңтар 2020
БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
20:31, 20 қаңтар 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...