ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 3-ШІ ЗАМАНАУИ АНГИОГРАФ АППАРАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ

20:30, 23 қараша 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Мемлекет басшысы жаңадан ашылған білім және спорт орталықтарының жұмысымен танысты. Бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталған президент индустриалды өндіріс орындарын аралады. Қарулы күштер саласына қажет жабдықтар шығаратын және Ферроқорытпа зауыттары мен өзге де бірқатар маңызды нысандарға барды 

Қарағанды облысында үш ауысымды мектептер жетерлік. Сол үшін білім ордалары бой көтеріп жатыр. Абай есімі берілгелі жатқан 104-гимназия солардың бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен осы жаңа мектептің мүмкіндігімен танысты. 1200 оқушыға шақталған білім ошағында робототехника,стем кабинеттері, арт студия мен телестудияға дейін бар.

Мен жаңа мектептің оқушысымын. Қаламызда осындай мектептің салынуы бізді қуантуда.

Осы қуанышты еселей түсуге коронавирус кедергі. Сабақ онлайн. Кезекші сынып оқушылары ғана келіп оқиды. Десе де індет мәңгі емес. Әлі-ақ дәстүрлі білім беру форматына ораламыз деді президент. Сол үшін балалар мен ұстаздарды сабрға шақырып, үш тілді білім беру жүйесінің қалай іске асып жатқанын тексерді.

Біліммен қатар спортқа да ерекше ден қойылған. Биыл бір емес екі кешен пайдалануға берілді. Президент барған үлкен тенис орталығы соның бірі. Мұнда 11 корт бар. Жетеуі іште, төртеуі сыртта. Заман талабына сай орталық ашылғалы облыста тенистің осы түрімен айналысатындар үш есеге, яғни мың жарымға артқан.

ТЕМІРХАН АБЫЛАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Мемлекеттің меншігінде емес, бұл жеке федерацияның меншігінде. Сондықтан бұл жерде әртүрлі деңгейде жүреді. Ақылы қызмет те бар, ішінде мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін тренер жаттықтырушылар бар. Солар белгілі бір санды балаларды тегін жаттықтырады.

Үлкен тенисі ғана емес, үстел тенисі орталығы да салынған. Жаңа нысанға жасөспірімдер арасындағы чемпиондар Алан мен Жанерке секілді жастар мұқтаж еді. Енді шеберліктерін осында шыңдайды.

ЖАНЕРКЕ КӨШКІМБАЕВА, ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР:

- Біз сүйікті қаламызда осындай ғажап ғимараттың салынғанына қуаныштымыз. Жаңа орталықта біз өзіміз ұнатқан спорт түрімен айналысуға зор мүмкіндік алып отырмыз. Енді барлық спортшылардың атынан сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Үміттеріңізді ақтаймыз.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қандай жақсы заулім орталық. Бұл сарай. Былай айтқанда. Балаларға жаңа жеңістер тілеймін. Қазір енді күрделі заман болып тұр пандемияға байланысты. Бірақ дегенмен жаттығулар жалғасуда. Сондықтан келешекте жаңа жеңістерге қол жеткізесіздер деп мен ойлаймын. Бәрі дұрыс болады. 

Осылайша ортылықты жоғары бағалаған Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытып, жастарды көбірек тарту керек деді.Облыстың экономикасы да қарқын алған. Түрлі инновациялық, инвестициялық жобалар «СарыАрқа» аймағында сәтті іске асып жатыр. Қорғаныс саласына қажетті құралдарды шығаратын зауыт соның дәлелі. Тіпті ТМД елдері арасында өндірісі автоматтандырылған мұндай кәсіпорын санаулы. Өнімі жақында Өзбекстан, Белорусь, Израиль секілді елдерге экспортталмақ.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Қандай да бір зауытты салу жайлы айтқанда облыстың экологиялық жағдайына да мән беруіміз керек. Әрине экономикамыз үшін инвестициялық жобалар қажет. Табиғатты да аялауымыз тиіс. Әсіресе Балқаш көлінің ластанып, құрғауына жол бермеуіміз керек.

Ал бұл Қарағанды ферроқорытпа зауыты. Темірдің беріктігі мен коррозияға төзімділігін арттыруға қажетті элемент - ферросилициді өндіреді. Ол құрылыста, кеме,ұшақ және машина жасауда кең қолданылады.

Жоғары технологиялы зауыттың өндіріс көлемі 180 мың тонна. Жақында төртінші пеш іске қосылса, ол 240 мыңға жетеді. Сөйтіп әлем бойынша бесінші орындағы кәсіпорын төртінші орынға көтерілуді көздеп отыр. Ол үшін қатаң карантин кезінде де талмай еңбек еттік дейді компания құрылтайшысы.

ЕРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНЫҢ АКЦИОНЕРІ:

- Карантиндік шектеулер кезінде жалақыны екі есе өсіріп, вахталық режимде жұмыс істедік. Тоқтаған жоқпыз. Соның арқасында өнімімізді 20 емес, 37 елге экспорттайтын болдық. Әрі зауыт экологиялық таза. Улы газ 99,8 пайызға тазарып шығып, жиналған қалдықты да кәдеге жаратып отырмыз.

Президент өндіріс орынын жоғары бағалады. Жақын болашақта осында көмір байыту және тағы бір ферроқорытпа зауыты пайда болмақ. Мемлекет басшысы инновациялық жобаның сәтті іске асуына тіліктестік білдірді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бұл қажетті жоба. Экономикамыздың маңызды активі. Елімізде индустрияландыру бағдарламасын іске асыруға үлкен серпін береді.

Президент «Арселор Миттал Теміртау» зауытының жұмыс барысымен де танысты. Он үш мың адам еңбек ететін кәсіпорын 2008 жылдан бері арматура, қаңылтыр секілді түрлі металл өнімдерін шығарады. Өндіріс көлемі бес млн тоннадан асады.

ЖАНАСЫЛ БИШІМБАЕВ, «АРСЕЛОР МИТТАЛ ТЕМІРТАУ» ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ :

- Өзбекстан, Ауғанстан, Ресейге де шығарып сатамыз металымызды. Былай айтқанда жалпы Қазақстандағы қалаларда жаңа үйлер біздің арматурамен салынып жатыр үйлер.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Бұл кәсіпорынның алдында тұрған міндеттер аз емес. Сондықтан бұларды бірте бірте шешу керек. Премьер-министрмен сөйлестім. Қазір облыстың әкімімен бірге бірнеше мәселелерді талқыладық оларды бірте бірте шешу керек.

Мемлекет басшысы металлургия саласында бұл зауыттың шоқтығы биік екенін атап өтті. Бір кездері мұнда Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та еңбек еткен. Сөз соңында президент ұжымға сәттілік тіліп, өндірісті арттыру жөнінде тапсырма берді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА САЯСИ РЕФОРМАЛАР – ЗАМАН ТАЛАБЫ
17:18, 18 қаңтар 2021
ЖАҢА САЯСИ РЕФОРМАЛАР – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Толығырақ...
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:40, 15 қаңтар 2021
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:39, 15 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ БІРІНШІ С...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
17:17, 14 қаңтар 2021
МЕКТЕПТЕРДЕ АСХАНАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
17:19, 12 қаңтар 2021
АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАР ЖАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР  8  ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
17:15, 14 қаңтар 2021
БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ
Толығырақ...