ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:39, 11 қыркүйек 2019

Өңір прокурорлары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылады.  Жиынға мемлекеттік, атқарушы органдардың мамандары,  бизнес саласының өкілдері, саяси партиялар мен кәсіби одақтардың мүшелері қатысты.  

Облыстық прокуратурада өткен  отырыс  осы жолы Президенттің Жолдауына арналды.  Жиналғандар жүктелген міндеттерді айқындап, алға  жоспарларын құрды.  Облыстық прокуратура аппаратының жетекшісі  Шолпан Абдрахманованың мәліметінше, 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында өңірдің мемлекеттік мекемелеріне тұрғындардан  19  мың өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі әлеуметтік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына, жол мәселесі ,сумен қамту  және жер мәселелеріне қатсты.  

ШОЛПАН ӘБДІРАХМАНОВА, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АППАРАТ ЖЕТЕКШІСІ:

- Президент атап өткендей, тұрғындардың өтініштері мемлекеттік органдардың жұмыс деңгейінің нақты индикаторы.   9 тамыз күні облыс прокуратурасы өңірдің барлық мемлекеттік органдарын қамтыған ведомствоаралық  кеңес өткізді. Мұнда азаматтардан келіп түскен өтініштер мен онда жазылған мәселелер қарастырылды. Соның негізінде жұмыс жоспары құрылды. Бұл жоспарды жүзеге асыру халықтың өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. 

 Мемлекет басшысы өз Жолдауында партияларға да біраз тапсырма жүктеді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Әсем Рахметова осы тапсырмалардың аясында « Тыңдай алатын мемлекет» жобасы құрылатыны жайында баяндады.  

ӘСЕМ РАХМЕТОВА,  «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл тұста бастапқы партиялық  ұйымдарының, депутаттық фракциялардың,  «Нур Отан» партиясы  маслихаттарының  рөлін атап айтқым келеді. Олар тұрғындармен тығыз қарым қатынас жасауы тиіс. Қазір облыста  351 бастапқы ұйым жұмыс істейді.  

Облыстық маслихаттың депутаты Райхан Абдрахманова  өз сөзінде  Жолдауда айтылған атаулы әлеуметтік көмек пен қазақстандықтардың зейнеттік жинақтарын қолдану мүмкіндігіне тоқталды.

РАЙХАН ӘБДРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бізді қуантатыны, атаулы әлеуметтік көмекті үйлестіру үрдісі мен механизмі жетілдіріледі. Әлеуметтік топтағы азаматтарға бағытталатын жәрдемнің  бұл түрі ашық, және әділ берілмек. Тағы бір маңызды жайт, зейнетақы жинақтарын қолдану мүмкіндігі. Енді ел тұрғындары бұл қаражатпен мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өздеріне баспана сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні өзінің алғашқы халыққа Жолдауын жариялаған болатын. 

Сарбинас ҚАЙЫРБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
13:07, 20 қыркүйек 2019
ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...