ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨҢІРГЕ САПАРЫ

20:31, 17 қыркүйек 2019

Астық мол, төрт түлік ырысты болу үшін қажет қадамдар Солтүстік Қазақстан облысында талқыланды. Мемлекет басшысы Петропавлда ауыл-аймақты, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жиын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылық саласындағы еңбек өнімділігінің де, өнімді өңдеу деңгейі де төмен екенін сынға алды. Сондықтан мемлекет басшысы үкімет мүшелері мен облыс басшылығына бірқатар нақты тапсырма берді.

Өңірде орақ науқаны биыл жылдағыдан кешірек басталды. Оған толассыз жауын-шашын себеп. Дегенмен, астық шығымы жаман емес. Облыс бойынша бір гектардан шамамен он бес центнерден алып жатыр. Ал мына алқапта бір гектардан отыз центнерге дейін жеткен. Оны сабақтардың биіктігінен де түсінуге болады. Байқасаңыздар, белуардан асады.  Ал Жамбыл ауданы, тіпті, рекорд орнатты. Онда бір гектардан жетпіс центнерге дейін астық алынды. Қазір өңірдегі егіннің отыз бес пайыздайы орылған. Ендігі басты мақсат: қалғанын рәсуа қылмай, күннің райы бұзылмай тұрғанда жинап алу.

Аққайың ауданындағы алқаптарды аралап болған соң, президент аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, 2016 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар алқаптары екі есеге ұлғайып, қазір ел нарығының 36 пайызын солтүстік аймақ қамтамасыз етіп отыр. Жыл сайын төрт миллион тоннадан астам астық өндіретін өңір өнімді өңдеу қарқынын да арттырып жатыр. Қазір 616 мың тонна бидай өңделсе, жақында ашылатын жаңа кәсіпорынның арқасында бұл көрсеткішті бір млн екі жүз мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Жері жайылым үшін жайлы аймақта төрт түлікті өсіруге баса мән берілген. Кезінде Геннадий Зенченко ашқан Новоникольскідегі фермадағы мал басының саны қазір жеті мыңнан асып кетті. Енді оның немересі Иван Зенченко ата жолын қуып, Рублевка ауылында шаруасын дөңгелетіп отыр. Былтыр алты жүз бас ірі қараны Германиядан алып келген екен. Көлігімен ғана емес, түлігімен де мақтана алатын неміс жерінен жеткізілген сиырлар біздің елді жатырқамаған сыңайлы.

- Это как фольцваген. И молоко, и мясо дает. – Хорошее сравнение.

Еуропадан әкелінген сиырларға жасалған жағдай да тиісті деңгейде. Күтімі жақсы сиырлар күніне он тонна сүт береді. Қазір олардың барлығы дерлік төлдеп үлгерген. Мына бұзаулар екі күндік қана. Арнайы күтім арқасында аяққа тез арада тұрып кетеді. Ал ересектері ширақ, үш литр сүтті әп-сәтте ішіп тастайды. Он төрт жыл үйде отырып, осында жұмысқа шыққан  Инга Садықова бұл ферманың ауыл тірлігіне жаңа серпін бергенін айтады.

- Я им как мама. Меня ждут. Я уже второй год работаю. Меня все устраивает.

Нысандарды аралаған президенттің де көңілі толған сыңайлы. Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенін тежеп тұрған мәселелер де аз емес екенін мемлекет басшысы жасырмады. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің елде ауылшаруашылықтағы еңбек өнімділігі бір адамға бес мың долларды ғана құрайтынын сынға алды.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Тогда как в Беларуси этот показатель 33,5 тыс. долл., в России – 18,4 тыс. долл.

Сондықтан президент 2022 жылға дейін саладағы еңбек өнімділігі мен экспортты 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Ол үшін жасымық, зығыр, соя сияқты табысы жоғары дақылдарды көбірек өсірген жөн. Тағы бір маңызды бағыт – органикалық ауылшаруашылық өнімдерін әлемдік нарыққа шығару.  

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА 307 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ  ТАРТЫЛАДЫ
20:35, 19 қараша 2019
ОБЛЫСҚА 307 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ТРАНЗИТТІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
20:33, 19 қараша 2019
ТРАНЗИТТІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар