ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНДА

20:36, 13 тамыз 2019

Облысқа іс-сапармен ҚР Парламенті сенатының депутататтары келді. Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина Тимирязев ауданындағы  әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Ауыл тұрғындарымен жүздесті. Толығырақ келесі сюжетте.

Ең алдымен сенат депутаттары Тимирязев ауданындағы Дмитриевка ауылына барды. Былтырдан бастап, бұл жерде су тарату желілерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл-жаңадан желі тартқанша көп есе арзанға шығады екен. Әзірге жұмыстың 40 проценті атқарылыпты. Қыркүйек айының басына дейін елдімекенде 12 су тарату колонкасы орнатылады. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 6 миллион 700 мың теңге қаржы бөлініпті. Ауыл тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық. Келер жылы мұнда су мұнарасы салынады. Қазіргі таңда оның жобалық сметалық құжаты дайындалып жатыр, деді сенатар Ерік Сұлтанов. 
 

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
 

Одан соң депутаттар Дмитриевка орта мектебіне аялдады. Биыл бірінші рет бюджеттен білім ордасының жөндеу жұмыстарына 27 миллион 800 мың теңге бөлініп, мектептің шатыры мен жылу құбырлары ауыстырылды. Сондай-ақ, олар ауыл ақсақалдарымен жүздесті. Кездесу барысында жергілікті тұрғындар сенат депутаттарына өздерін бұрыннан мазалап келген сауалдарын жолдай алды. Солардың бірі- жол мәселесі. Биыл автомобиль жолдарын жөндеуге 37 миллиард теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 7 есеге көп.
 

ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
 

- Тұрғындарға көмектесуге дайынбыз. Мен Парламенттің келесі сессисының нәтижесіне тоқталғым келіп отыр.  Биыл 83 заң жобасы қабылданды. Өңірімізе жергілікті облыстық жолдарды жөндеуге қыруар қаржы бөлініп отыр. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты да бірнеше жаңа заң қабылданған болатын. Биыл «Ауыл- ел бесігі» республикалық жобасы іске қосылды. Оған солтүстік қазақстан облысы  да қатысатын болады. Сонымен қатар, облыстағы 126 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кейін сапар аясында депуттар жергілікті аграрийлермен кездесті. Биыл Тимирязев ауданының дихандары 261 мың гектар жерге дәнді және майлы дақылдар, көкеністер отырғызды. Олар күзгі науқанды күн райы оң қабақ танытса екі аптаның ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, депутаттар оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударып отырған тұрғындармен де жүздесті. Қазір мұнда оларға жаңа тұрғын үйлер тұрғызылып жатыр. Жыл соңына дейін мұнда күнгейден 20-дан астам отбасы қоныс аудармақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
20:34, 12 желтоқсан 2019
ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:33, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:32, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...