ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

СЕНАТОРЛАР ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНДА БОЛДЫ

20:33, 15 тамыз 2019

Мемлекеттік бағдараламалардың аймақтарда тиісті деңгейде орындалуын бақылау мақсатында сенат депутаттары ауыл-аймақты аралап жүр. Бүгін Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина құрылыс алаңдарында болды. Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылған баспаналар мен мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарда болды. Тілшіміз толықтырсын. 

Мына 332 пәтерлік зәулім тұрғын үйді «Основание» серіктестігінің жұмысшылары салған. Негізгі шаруа бітіп, ішкі ұсақ-түйегі мен ауланы аббаттандыру жұмыстары қалды. Бұл үйдің басқаларынан өзгешелігі сол, бірінші қабатында балақайларға арналған 2 шағын орталық болады. Әкімдік қызметкерлерінің мәліметінше, пәтердің кілті үлескерлерге қыркүйектің басында табысталады. Осы орайда көпбалалы отбасыларға жақсы жаңалығымыз бар.

СЕРГЕЙ ТИМОФЕЕВ, «ОСНОВАНИЕ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жақында мемлекет тапсырысы бойынша 93 пәтерлік үйдің құрылысын бастаймыз. Баспана «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 2020 жылы қолданысқа беріледі.  Сондай-ақ, «Жас Өркен» ықшам ауданында 18 қабатты тұрғын үй салып жатырмыз. Ол да мемлекеттік бағдарлама бойынша пайдалануға берілмек. 

Осы күні халық қалаулылары «Солнечный - 2» ықшам ауданына барып, бір үлгіде тұрғызылған жер үйлерді көрді. Баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй жинақ банкінің салымшыларына үлестірілмек. Қала әкімдігі, әзірше 12 үйді қолданысқа береміз деп отыр. Себебі, бұл  маңда дүкен, әлеуметтік маңызы бар нысандар жоқ.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Бұл үйлерге қажетті коммуникация тартылған. Ішінде таза суы, жылыту қазандықтары мен септигі бар. Жергілікті әкімдіктегілер шаршы метрі 120 мың теңге болады дейді. Бұл үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қолданысқа тапсырылады.

Береке ықшам ауданындағы жаңа мектеп те сенат депутаттарының көңілінен шықты. Білім ошағы мемлекет қаражаты есебінен тұрғызылған. Жаңа оқу жылында таспасы қиылады.

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- «Береке» ықшам ауданына үйлер сала бастағанда, сауда және әлеуметтік нысандардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету керек болды. Міне, сол мәселенің біртіндеп шешімін тауып келе жатқанын көріп отырмын.  Осы білім ошағын тұрғызған мердігерге алғысымды айтамын. Жетекшісі Михаил Анатоллевич Зенченко маңызды жұмысты мерпзімінде және сапалы түрде атқарыпты.

Облыс орталығында ерекше ойын-сауық орталығының құрылысы да аяқталуға шақ қалды. Мердігерлер мен қожайындары нысанды қыркүйек айының соңына таман қолданысқа беруді жоспарлап отыр. «Dostyk Mall» ойын-сауық орталығының ерекшелігі сол, ішінде балалар жүгіріп ойнай алады. Сенат депутаттары бұл жобаның бірегей екенін ерекше атап өтті. Кәсіпкерге мол табыс тіледі.

Осы күні өндіріс ошақтары сенат депутаттарының назарынан тыс қалмады. Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина «РАДУГА» серіктестігіне соқты. Мұнда аумағы кең қойманың құрылысы тәмамдалуда. Орындар ауыл шаруашлығы тауарын өндірушілерге жалға беріледі. В + санатындағы заманауи қоймада көкөністен басқа макарон өнімдері, жарма, қант сынды азық-түліктің кең түрін сақтау мүмкіндігі бар. Алдағы уаықтта «Радуга» компаниянысының басшысы сақтандыру қорымен келісімшарт жасаспақшы. Бұл кәсіпорын тауардың түр-түрін өндіреді. Жақында қатты сабын шығаратын фабриканы іске қоспақшы. Кәсіпкер Дмитрий Шарапаевтың айтуынша, жергілікті өнім 100 пайыз табиғи таза шикізаттан жасалмақ. 

ЕРІК СҰЛТАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Дмитрий нарықты жақсы зерттеген екен. Мұндай зауыт пост кеңестік елдерде жоқ және жақында ашыла қоюы екіталай.  Біздің елде өсімдік және жануар майын кәдеге жарататын зауыт болмай жүрген еді. Сіздер осы мәселенің түйінін тарқатып бердіңіздер. Қалдықсыз өндіріс ошағын құрғаныңыз үшін сіздерге алғысымды айтамын. Сырт елдерден тасылатын сұйық сабындар мұнай қалдықтарынан , түрлі химиялық қоспалардан жасалған. Ол адам ағзасына зиян. Осы себепті мен импорттық тауарға қарсымын.

Ерік Сұлтанов ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесі көбейту керек деген ойын айтты.  Дей тұрғанмен, кәсіпкерлер тауарға жақсы баға ұсынғандармен жұмыс істейді. Болашақта «Радуга» кәсіпорны сұйық және қатты сабынның 20 түрін шығармақшы. Өнімді дайындайтын қондырғыларды аспан асты елінен алдыртыпты. Оны қытайлықтар келіп, орнатып берген.

ДМИТРИЙ ШАРАПАЕВ, «РАДУГА» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Бұл зуауыттың өніміділігі жоғары. Шикізаттан дайын сабынды осы жерден шығарамыз. Яғни, толық цикілдің барлығы осы жерде  іске асырылады. 

Табиғи таза өнім әлем нарығында қашан да жоғары сұранысқа ие. Сол себепті Дмитрий Шарапаев сабынның 80 пайызын сырт елдерге экспорттамақшы. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар