ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:36, 3 шілде 2020

Шал ақын ауданына жаңа әкім тағайындалды.  Бұл қызметке   агроөнеркәсіп комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына жетекшілік  еткен  Рахат Смағұлов келді.  Ауданның жаңа басшысын тағайындауға арналған отырыста жиналғандар  экс әкім Нұрлан Есімовтың ауданның  дамуына қосқан үлесі туралы айтып, жаңа әкімге нәтижелі еңбек   тіледі.

- Бұрынғы әкім жақсы болды. Ол келгелі жылу қазандығы мен жолдар жөнделді. Ауданда құрылыс жұмыстары қарқын алды

- Нұрлан Есімов біздің ауданда ауқымды жұмыс атқарды. Өзінің білімділігімен, біліктілігімен танылды.

Шалақындықтар бұрынғы басшы Нұрлан Есімовтың жұмысына жоғары бағаларын беруде. Ол тағайындалғалы, яғни 2017-ші жылдан бері біраз шаруаның басын қайырыпты. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында атқамінердің еңбегіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов алғыс білдірді.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- "Құмар Ақсақаловтың атынан алғысымызды білдіреміз. Алдағы жұмысыңызда сәттілік тілейміз".

НҰРЛАН ЕСІМОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ:

- : "Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Үш жылдың ішінде үлкен тәжірбие алдым. Барынша жақсы жұмыс істеуге тырыстым".

Нұрлан Есімовтың орнын еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының экс-басшысы Рахат Смағұлов басты. Жиналғандар жаңа әкімнің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Рахат Смағұлов еңбек жолын 2004 жылы туған ауылы Қасқатта бастаған. Ол селолық әкімшілікте маман болып еңбек етті. 2005-2015 жылдары аралығында облыстың ауыл шаруашылығы саласында түрлі қызмет атқарды. Кейін, М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болды."

Рахат Смағұловтың алдында жаңа белес тұр. Ол алдағы уақытта көшбасшылық қасиетімен танылып, басшылықтың да, халықтың да сенімін ақтауы тиіс.

РАХАТ СМАГҰЛОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- "Мен облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа, бірінші орынбасары мен депутаттарға сенім білдіргендері үшін алғысымды жеткізгім келеді. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерімді, білімімді және тәжірибемді жұмылдырамын".

 

Тақырып бойынша материалдар

 БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
20:33, 7 тамыз 2020
БИОҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУ ҮШІН ЗАҢ КЕРЕК
Толығырақ...
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
20:32, 7 тамыз 2020
ҮКІМЕТТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...