ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ

20:31, 13 қаңтар 2020

Өңірдегі 3 балабақша сенімді басқаруға беріледі және кейбірінде қазақ тобы жабылады деген ақпарат әлеуметтік желіде қоғам белсенділерінің талқысына түсті. Осыған орай Облыс орталығында ҚР Мәжіліс депутаты К.Мұсырманның қатысуымен жиын өтіп, істің ақ-қарасы анықталды. арна тілшілерінің бейнематриалы.

СҚО 85 мемлекеттік балабақша  бар. Алайда осы жылдан бастап пилоттық жоба аясында оның 3-еуі сенімді басқаруға берілмек. Облыстық және қалалық білім басқармасы мамандарының айтуынша, бұл өзгерістер тәрибе беретін мекемелердің төлемақысына еш әсер етпейді.  

САРА РАМАЗАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Сенімді басқаруға алған кәсіпкер алған балабақшада жөндеу жұмыстарын жасап, ыңғайлы етіп, жаңа үйірмелер аша алады. Бұл қызметке қосымша  ақы ала алады. Бірақ, бөбекжайдың тәрбиешілері өз жұмысында қалады. Әрі төлемақыда да өзгеріс болмайды. Бізде белгілі стандарттар бар. Соған сай, ата-аналар жоғары топтағы баласы үшін 14500, ал кіші топта 13500 тг төлейді.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше мектепке дейінгі мекемелерге облыс орталығында  5мыңнан астам бала кезекте тұр. Оның 80 пайызы 3 жастағы балақайлар. Сондықтан оларға топ ашу үшін мамандар  Ивушка балабақшасындағы 5 жастағы үш топтан екі топ құрып, ал үшіншісінің орнына 3 жастағы бүлдіршіндерді қабылдамақ болыпты.  Сонымен қатар, қазақ топтары жабылмайды дейді. Ал  кәсіпкерлерге негізі қаланғаннан күрделі жөндеуден өтпеген 3 бөбекжай тапсырылған.

ВЛАДИМИР ТКАЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Балабақшалардың сенімді басқаруға берілуі туралы ашық конкурс өтті. Кәсіпкерлерге қойылатын талаптар да айқын көрсетілген болатын. 3 өтінім келіп түсті. Облыстық білім басқармасының қарауымен 14 тамыз 2019 жылы Ивушка және Балдәурен бойынша нәтижесі шықты. Ақбота бөбекжайына екінші рет конкурс жарияланып, қазан айында оның да жауабы шықты.

Қоғам белсенділерінің талқылауына түскен бұл мәселе бойынша бір ауыздан  Нұр отан өңірлік филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ. Ақсақаловқа  арнайы хаттама толтырылсын деген шешім қабылданды.Сондай-ақ,  белсенділер бұл мәселені енді  «Қызылжар адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде де  талқыламақ. Естеріңізде болса, Петропавлдағы 3 балабақша жекенің қолына өтеді, қазақ тобы жабылады және төлемақысы өседі деп жұрт шу шығарған болатын. Бұл мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АТАМЕКЕН»  ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 22 қаңтар 2020
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:31, 22 қаңтар 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...