ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019

17:52, 16 тамыз 2019

Мұғалімдердің жалақысы 2 есеге өседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз конференциясында үкіметке осындай тапсырма берді. Жоспар 4 жыл ішінде жүзеге асырылады. Жиынның ең басты, әрі жағымды жаңалығы да осы болды. Өйткені, жасыратыны жоқ, ұстаздардың еңбекақысы еліміздегі ең төмен айлықтардың қатарында. Осылайша, педагогтардың жалақысымен қоса мәртебесі де артпақ. Ол үшін президент мұғалімдер жүктемесін қысқартып, кәсібіне сай емес қызметтерге тартуды доғарып, шектен тыс есептілікті азайту керектігін жеткізді. Конференцияда білімнің сапасы, бала тәрбиесі, 12 жылдық оқыту жайында да сөз болды. Мемлекет басшысы үштілді білім беру жүйесі мен қазақ тілінің мәртебесіне айрықша көңіл бөлді. 

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын. Ал, жоғары сыныптарда жаратылыстану-техникалық пәндерді мектептердің дайындығына қарап жүргізу қажет.

Айта кетейік, жаңа оқу жылының қарсаңында тамыз конференциясын өткізу игі дәстүрге айналған. Алайда мұғалімдердің жиынына президенттің өзі тұғыш рет қатысып жатыр. Биылғы конференция мұғалімдер саны жағынан да жылдағыдан ерек. Бұрын 500-дей ұстаз қатысса, бұл жолы елордада екі мыңнан астам педагог бас қосты.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
13:07, 20 қыркүйек 2019
ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...