ШҰҒЫЛ! ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ Толығырақ

Қ. ТОҚАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

20:38, 17 қыркүйек 2019

Өңірге келген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нысандарды аралап болған соң республикалық жиынға қатысты. Отырыс барысында ауылдардың дамуы және агроөнеркәсіп саласының мәселелері қарастырылды. Солтүстіктің аграрлы аймақ екенін ескерсек, мемлекет басшысының төрағалығымен өткен жиынның да, іс-сапарының да диақандарға, жалпы халыққа тың серпіліс беретіні сөзсіз. Қазіргі кезде танап басында орақ науқаны қызған. Шаруалар ауа райының қолайсыздығына қарамастан дәнді ысырапсыз жинап алуға асық. Орташа есеппен гектарына 15 центренден алуда. Бірақ кей қожалықтар рекордтық мөлшерде астықты қамбға құйып жатыр. Сонымен ,ауылдарды құрдымға  жібермей, қайта  жандандыру үшін не қажет?  Урбанизация деген ұғымды ысырып, ауыл - ел бесігі деген ұстанымды алға қойсақ  жағдакй өзгере ме? Мемлекет басшысы қатысқан жиында  айтылған жаңымды жаңалықтаржайында әріптесім тарқатады.

Жиынды ашқан Президент ҚР  жерінің 75 пайызы ауыл шаруашылығына  жарамды екенін айтты. Қазіргі кезде халықтың 15 пайызы агроөнеркәсіп саласында еңбек етіп келеді. Ал солтүстік қазақстан облысы  - ел бойынша аграрлы үш аймақтың бірі болып саналады. Алдымен ауыл шаруашылғы саласының жағдайын сала министрі Сапархан Омаров айтты. 4 жылдың ішінде ауылшуаршылық экспорты 45 пайызға артқан. Биыл сегіз ай ішінде салаға 263 млрд теңге инветитция құйылыпты. 2018 жылдың осы аралығымен салыстырғанда ішкі өнім айналымы 3,6 пайызға өскен. Бұл ел көлеміндегі көрсеткіш. Ал біздің өңірге келер болсоқ, солтсүтік соясын айтуға болады. Бұл майлы дақылдан алатын пайда мол .

САПАРХАН ОМАРОВ,  ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

- Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімінің 17 түрі Қытайға экспортталады. Жыл соңына дейін еліміздің шошқа еті мен комбикорм ды да қытай нарығына шығару үшін  келісімдерге қол қойылмақ. Субсидия бойынша да тапсырмаңызға сәйкес, автоматты түрде болады. Енді дему қаржы тек ішкі өнімі жақсы аумақтарға алдымен берілетін болады. СҚОсолтүстік соясы да жақсы қолға алынды.биыл диқандар 14 мың га жерге ексе,алдағы жылы оның көлемін 150 мың га жеткізбек. Сонымен қатар жерді тиілді пайдалану бойынша да нәтижелер бар. Мысалы 2015 жылдан бері 12,8 млн га нәтижелі пайдаланылмапты. Соның бүгінгі таңда 2,2мл га соттың қарауында жатыр. Алиби ЖШС-нің жердері отандық 43 кәсіпкерге бөлініп берілді. Жұмыс орны сақталды, салық төленді әрі олардың барлығы жергілікті инвесторлар болып табылады.

Ауылдағы ағайынның жағдайын баяндаған Геннадий Зенченко, өз ауылы мен шаруашылығын мысалға алды. 90 жылдары құрылған серіктестік қазір облыстың бетке ұстар қожалықтарының бірі. Бүгінде ауыл шуаршылығында жаңа техника, әдісті осы кәсіпорыннан көруге болады. Шет елдік асыл тұқымды ірі қара өсіріп отыр.Сонымен қатар туған ауылының әлеуметтік жағдайын жақсартуда. Дәмхана, клуб,мектеп, спорт кешені тіпті 5 елді мекеннің тұрғындары қаралатын амбулатория да бар. Бірақ бұл жерде де айтар өтініш бар. Ол жас мамандардың жағдайы. Білім алдатынжас жоқ емес, бар. Мәселе оқу барысында алған тәжірибелерінде болдып тұр.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бізде оқу орындары көп. Бірақ олардың білім беру сапасына мән беру керек, мысалы жоо түлектері білім ордаларында ескі техникада тәжірибе алған.Олар бізге келіп, жаңа заман талабына сай техникада жұмыс істей алмайды.Сондықтан алдымен білім ордаларының техникалық жабдықталуына мән беру керек. Қазір ауылдарда адамдар тек жалақыға ғана қызықпайды, олар сапалы өмір сүргілері келеді.   Еңбек адамдары біздІң ауылға келеді. Олар бізден кетпейді. Сондықтан ауылдарда жағдай жасалса халық көшпейді. Ол үшін мемлекет көмек көрсетуде. Әсіресе ауылшаруашлығы саласына үкімет қолдауын аямай келеді.

Кадрлар сапасының осалдығын ел Президенті біледі. Ол дипломды оңды сол беретін оқуорындарының көптігін алға тартып, білікті, жұмыс істей алатын мамандардың аздығын айтты. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев  субсидияны да кім көрінгге ұстатпай, арнайы зерттеп, пайдасы мен шығынын қарастырып барып қана беруді тапсырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сондай-ақ, Президент өнімнің сапасына көп мән беру керектігін айтты. Санды ойлап, сапаны ақсатпау шарт. Мәселен Қытайға сапары барысында , көрші ел де тауарды аламыз, бірақ сапасын естен шығармау керек деген өтініш айтыпты.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша бұл бірінші жасалған ескертеу, өтініш емес екен. Сондықтан АШМ-не осы жағын бақылауға алуды тапсырды. Жиын барысында өңірімізде бірнеше жобаға демеу қаржы құйған биокорпорейшн жобасы арқылы танылған «Bioperations» ЖШС құрылтайшысы  Алихан Талгатбек сөз сөйледі. Оның айтуынша бидайды қайта өңдеу арқылы олар шет елде қазақтандық кілегей деген терминді енгізген. Дәнді қайта өңдеп олар крахмал мен кілгей алуда. Кілегейге сұраныс жоғарыь - бірнеше шет ел, ақш, норвнегия түркия сында елдер сатып алып жатыр. Енді крахмалды экпсорттау керек. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аграрийлерге бірнеше тапсырмаларды жүктеді. Ол  2022 жылға дейін экспорт  кө 205 есеге  арттыру. Топыраққа минералды тыңайтқыштарды енгізуде шет елдік гирбицитдерді емес, отандық тауарды алуға кеңес берді.  Сонымен қатар, қазақстанда пестицидтерді шығаратын зауыт салуды жоспарлау керекті гін айтты. Тұқым сапасы көңіл көншітпейді. Элиталық дәнді дақылдың көлемін ұлғайту қажет. Қазіргі таңда ол 6 пайызды ғана құрайды. Ал техника паркінің 80 пайызы ескі, жылына тек 3 пайыз жаңа технкиа алынады екен.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Отырыста белгілі болғандай келер жылдан бастап петролпавлда ауылшаруашылық саласына қажетті техниканы шығаратын зауыт салынбақ. Бұл жөнінде премьер министрдің орынбасары жеңіс қасымбек айтты. Жер ананы игеру жағы да сөз болды.  Жерді пайдалаунды тексерудің ескі әдісінен бас тартып, жаңа технологияны қолдануды ұсынды. Жерді игеруге қатымсты заңды өзгерту керек дегенді де тапсырды. Бұл ұсынысты әрі тапсырмны президент өз жолдауында да баса айтқан болатын. Мал мен құстың  санына да арттыру міндеті жүктелді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мал демекші, шетелден алынтаны ірі қараның бағасы, сыртқа экпосртталатын бағадан 4 есеге қымбат. Оған басты себеп, ет комбинаттарының ескіргені және айналымдағы қаражаттың аздығы деп түснідірді аш министрі. Бордақылау орындарының қашықтығы да шығынға батырады. Алдағы уақытта осы жол шығыны субсидияланбақ.Президент ішкі нарықты контрафактіліік өнімдерден , спасыз тауардан арылту керектігін жергілікті атқарушы органдарға тапсырды.  Үкімет бүгінде отбасылық кәсіпкерлікті, шағын бизнесті дамытуға барынша жағдай жасап жатыр Халықаралықтіжрибе көосетіп отырғандацй отбасылық юизнес өміршең болып келеді. Бірақ, мал,құс ұстайтын ауыл азаматтары үшін жем шөп қымбат. Сондықтан президент жемазықтың бағасын бақылауды тапсырды.. Микронесие беру жағы да ақсап тұр. Өткен жылы ауылға 45 млрд теңге шағын несие берілген. Бұл аз.  Бюджеттің 4-ші деңгейіде айтылды. Ол елді мекендердің өз ішінде проблемаларды шешуге мүмкіндік ьереді. Жаппай спортпен шұғылдану да айтылды.3 жылыдң ішінде 100 спорт нысаны салыну керек. Оның 22сі биыл қолданысқа енгізілуі тиіс.  Агргирлйелер ауылдың әлеуметтік саласына да мән беруі тиісү. Нәтижесінде мемлекеті, бинзнес, ауыл арасында байланыс орнайды. Ал өңір басшылығына облысты газбен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Жобаны тез арада әзірлеп,  президент әкімшілігіне ұсынулары тиіс.

Гүлнар САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСҚА 307 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ  ТАРТЫЛАДЫ
20:35, 19 қараша 2019
ОБЛЫСҚА 307 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ТРАНЗИТТІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
20:33, 19 қараша 2019
ТРАНЗИТТІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар