ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ТРАНЗИТТІК ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

20:33, 19 қараша 2019

Ақтауда Каспий теңізінің түбінде салынатын талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы басталды. Салтанатты рәсімге Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің Үкімет басшылары қатысты. Бұл жоба Қытайдан осы елдер арқылы Еуропаға трафик транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Транзиттен 10 жыл ішінде 300 млн. доллар табыс түседі деп жоспарланған.

Қазақстан мен Әзербайжан арасына теңіз арқылы салынатын инфрақұрылым Азия мен Европаны жалғайтын цифрлық телекоммуникациялық дәліз болмақ. Желінің ұзындығы – 400 шақырым. Жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асады. 

АСҚАР МАМИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Бұл екі ел арасындағы жылдар бойы қалыптасқан достық қарым-қатынас пен экономикалық ынтымақтастықтың белгісі. Trans Caspian Fiber Optic» бірлескен жобасы - деректерді берудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,  жетекші Еуропа-Азия магистралды бағыттарының қатарына кіруге, әлемдік деректер транзитінде лайықты орын алуға шамамыз бар.

Жоба 2021 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі. Оны Қазақстан мен Әзірбайжанның бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады.

ӘЛМИР ВЕЛИЗАДЕ, ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бұл жоба тек екі ел үшін ғана маңызды емес. Аумақтық, жаһандық деңгейдегі маңызға ие. Сондықтан біз бүгін транс каспий магистралінің негізін қаладық. Бұл болашақта аталған елдердің дамуына орасан зор ықпал етеді. 

Жобаның инвестициялық құны шамамен 60 млн. АҚШ долларын құрайды. Жүзеге асқанда жаңадан 150 жұмыс орны ашылады.

ДАРЫН ТҰЯҚОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ең біріншіден транзиттік трафикті үлкейту. 4,6 терабайтқа дейін жылдамдығы болады. СКЛ бұл екі елдің ғана емес, Гонконгтан франкпортқа дейін транзиттік потенциалды көбейтеді. Екі есе көбейтеді.

Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин метанол және олефин өндіретін зауыт құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне де қатысты. Жобаны сингапурлық компания жүзеге асырады, пайдалануға 2023-жылы берілуі тиіс. Жобаның құны – 1,8 млрд доллар. Зауыт жылына 300 мың тонна метанол мен 600 мың тонна олефин өндіруді жоспарлайды.

ЛИМ ЖЭНЬ ЦЗЕ, ИНВЕСТОР:

- Жоспар бойынша, өнімнің негізгі бөлігін Евроодақ аясында экспорттаймыз. Ол үшін транскаспий халықаралық дәлізі арқылы яғңи,теңіз және темір жолмен тасымалдауды көздейміз.

Үкімет басшысы Ақтауда көпфункциялы қонақ үй туристік кешінің салыну барысымен  сондай-ақ қазазот, маңғыстау ойл рефигинг кәсіпорындарының және мага бред нан тоқаш зауының жұмысын танысты. Соңғысы 2011 жылдан бері тәулігіне 50 тонна өнім шығарып, облыс орталығын нан және макарон өнімдерімен қамтып отыр.Премьер-министр жуырда ғана ашылған Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталыққа да барды. Қазақстанның халық жазушысының мемориалын көріп, музейін аралады.  

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
20:34, 12 желтоқсан 2019
ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:33, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:32, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...