ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ТУ ТҰҒЫРҒА ҚОНДЫ

18:01, 5 шілде 2019

Жыл сайын  елорда күні қарсаңында үзілмейтін бір үрдіс бар. Атамекен мемориалдық кешеніндегі ең үлкен Мемлекеттік ту көтеріліп,  әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен табысталады. Тудың тұғырға қонуы бұл қала күнін тойлаудың салтанатты түрде басталғанын білдіреді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы шараға қатысып, қала тойының басталғанын ресми түрде жария етті. Қазақ үшін көгінде желбіреген көк байрақтан қасиетті нышан жоқ. Президент өз сөзінде  ту – ел бірлігінің символы екеніне тоқталды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік деген" деген даналықтың мән-маңызы да осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздеріңіз сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтуде. + 00:11:32 Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. Дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымы елордамызды бейбітшілік қаласы деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі, дана  халқымыздың ынтымақ, бірлігінің арқасы.

Салтанатты ту көтеру рәсімі аясында Президент еліміздің әскери оқу орындарының 27 курсантына офицер шенін өз қолымен тапсырды. Жас сарбаздарға отанды қорғау ардың ісі екенін қадап айтты. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ауған жерінде болған қақтығыстарда 100 мыңдаған отандасымыз ерен ерлік көрсеткені белгілі. Президент олардың даңқты жолын жалғастыру бүгінгі жас сарбаздарға жүктелген қастерлі парыз екенін жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯ БАСШЫСЫ РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
20:31, 25 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯ БАСШЫСЫ РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:30, 25 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚА...
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
13:01, 25 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...