ШҰҒЫЛ! ЖАҢА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ ТАПСЫРМАСЫ

13:05, 3 қазан 2019

Биыл жастар жылы. Соған орай «Еңбек» жалпыұлттық бағдарламасы қайта қаралып, бірқатар өзгеріс енгізілді. Нақтылап айтқанда, 18-29 жас аралығындағы азаматтарға жеке кәсібін бастауға мүмкіндік беріліп отыр. Мемлекеттен арзан несие және жарты миллион теңге қайтарымсыз грант ала алады. Ол үшін бизнес идеясын ойдағыдай қорғап шығуы шарт.  Азаматтық қоғамға жасалып жатқан қолайлы жағдай туралы тілшіміз Берік Қасен айтсын.

Облыс әкімдігі алдында жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздық көрсеткіштен асырып алмау міндеті тұр. ҰБТ-дан шекті бал жинай алмағандар техникалық колледждерге қабылданып жатыр. Оқуға ниет білдірген ересектер де қысқа мерзімдік курстардан өте алады.

АЛМАЗ ҚОШМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Биыл 729 мектеп түлегі техникалық -кәсіптік арнаулы орта оқу орнына қабылданды.  Олар ҰБТ-дан шекті бал жианай алмаған. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 423 қыз, жігіт қатысуда. Сондай-ақ, 636 еңбеккер біліктілікті арттыру курсынан өтті.  Жыл соңына дейін осы курспен барлығы 1600-ден астам адамды қамту жоспарлануда.

Жыл басынан «Бастау» бағдарламасы бойынша 990, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 600 адам курстан өткен.  1721 жерлесміз қайтарымсыз грантқа ие болды.  14 пайызы жастар. 500 мың теңгеден үлестірілген. Олар бұл ақшаны мемлекетке кері қайтармайды.  Сондай-ақ, облысымызда шағын несие алатындар көбейген.

АЛМАЗ ҚОШМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТIРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жыл басынан 125 аз қамтылған отбасы мемлекеттен бірреттік ақшалай жәрдемақы алды. Сол қаражатқа жерлестеріміз ірі, ұсақ мал және құс сатып алған. Бұл шаралардың арқасында жан басына шаққандағы табысмөлшері 1,7 есеге өсті. Нақтылап айтқанда, 11 632 -ден 20 мың теңгеге жоғарылаған.

Өткен жылмен салыстырғанда «Еңбек» бағдарламасына үш есе көп қаражат бөлінді. Облысымызға ел қазынасынан 10 млрд теңге қарастырылған. Ақша толығымен игерілген жағдайда, 17 мың адам  тұрақты жұмыспен қамталды деп күтілуде.

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Биыл өңірде 2,5 мың отбасы мемлекеттен грант, арзан несие түрінде түрлі демеу алады. Нәтижесінде, 10 мың адамның тұрмыс жағдайы жақсарады деген болжам бар.   Оқытылғандардың барлығы сенделіп қалмайды.  Бәрін тұрақты жұмысқа орналастырамыз. Алдағы уақытта жұмыс берушінің сұранысын қанағаттандыруға ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінде 11 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 

Жергілікті әкімдіктер еңбек нарығындағы бүгінгі 4,8 пайыздық қалыпты көрсеткішті сақтап қаламақшы. Алдағы уақытта жоғары сұранысқа ие мамандықтарға ғана қаражат бөлінеді. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
17:54, 23 қазан 2019
ЕЛБАСЫ ЖАПОН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар