ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ САПАРЫ

20:33, 12 ақпан 2020

ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иеленген  Шымкент қаласында биыл  халықаралық деңгейдегі  34 іс-шара ұйымдастырылады. Жылдың салтанатты ашылу рәсімі жыл басы әз-Наурыз мерекесінде өткізілмек. Бүгін Шымкент қаласына арнайы іс сапармен барған үкімет басшысы Асқар Мамин шаһардың мәдени шараға дайындығын пысықтады. Сондай-ақ мегаполистің көлік және тұрғын үй құрылысы, коммуналдық жүйелерді дамытуға байланысты атқарылатын жұмыстар жайымен танысты. 

Шымкент қаласын дамытудың кешенді жоспарына сай алдағы 4 жылда шаһарды ауыз су, кәріз жүйесі, электр және табиғи газбен қамтуға байланысты ауқымды жұмыстар істеледі. Қала әкімдігінде өтккен кеңес барысында премьер министр осы жұмыстардың тізбесі, атқарылу мерзімі мен оған жұмсалатын қаржы жайына байланысты жергілікті биліктің ұсыныстарын тыңдады. Құзырлы министрліктерге инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселесін екі аптаның ішінде шешуді тапсырды. Сондай-ақ үкіметтің «Шымкентсити» арнайы экономикалық жобасын қолдайтынын жеткізді.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ:

- Бұл жоба Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуына ғана емес бүкіл ел экономикасының дамуына үлес қоса алатын әлеуеті бар. Сонымен қатар инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік жасайды.

Оңтүстіккореялық «Хавилл» компаниясы биыл «Шымкентсити» қалашығындағы 60 гектар аумаққа құрылыс жүргізуді бастағалы отыр. Бұл жұмыс 4-5 жылға созылады.

СОНГ ДЖИ БОНГ, «HIGHVILL KAZAKHSTAN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Шымкентситиге салынатын инвестицияның жалпы соммасы 900 миллион доллар. Бұл жерге негізенен көпқабатты үйлер, сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, мектеп, балабқаша мен кеңсе ғимараттары салынады.

Ұзаққа созылған өндірістік тоқыраудан соң қайта іске қосылған Шымкенттегі тоқыма фабрикасы 2 айдың ішінде 50 тоннадан астам мақта талшығын өңдеді. Одан 40 тонна иірім жіп өндіріліп отыр. Үкімет басшысы сапар барысында өндірісі қайта тіктелген кәсіпорын жұмысымен танысты. Жыл соңына қарай фабрикадағы жұмыс орны 800-ге жеткелі отыр. Жоғары технологияның арқасында  Қазақстанда өңделетін мақта көлемі 2 есеге артпақ. 

БЕРЕКЕ ДҮЙСЕБЕК,  КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі уақытта фабрика басшылығы Ресей және Түркия компанияларымен келіссөздер жүргізіп, тауарларды жеткізу туралы келісімдер жасасуда. Олардың алғашқы легін шетелге экспортқа жіберу жоспарланып отыр.

Премьер министр Шымкент халықаралық әуежайының жаңадан салынып жатқан жолаушы терминалының құрылысын да көріп шықты. Сағатына 2 мың адамды қабылдап өткізетін терминал құрылысы осы жылдың қазан айында аяқталады. Ал қазір қазба жұмыстары жүріп жатқан көне Шымкент қалашығының орны келешекте туристік нысанға айналмақ.  Тарихи орынға реставрациядан соң амфитеар, галерея, мұражай салынады. Үкімет басшысы  сондай-ақ сапар соңында Түркістан облысы Төле би ауданындағы «Қасқасу» туристік аймағына да барды. Болашақта  бұл жерге 7 ай бойына демалушыларға қызмет көрсететін шаңғы базасын соғу жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
20:32, 23 қазан 2020
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЕЛШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ФОНОГРАММАНЫ ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 22 қазан 2020
ФОНОГРАММАНЫ ЕСКЕРТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
13:01, 19 қазан 2020
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА 4 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...