ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ САПАРЫ

20:34, 13 ақпан 2020

Осы күзде Түркістанда түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық Кеңесінің саммиті өтеді. Соған орай Премьер-министр көне қаланы жаңғыртудың екінші кезеңін қадағалап қайтты. Асқар Мамин алдымен халықаралық әуежай құрылысымен танысты. Нысан қаладан 16 шақырым жерде орналасқан. Аумағы-  900 гектар. Жылына 3 млн адамды қабылдай алатын үлкен халықаралық терминал осы  күзге дайын болады. Одан соң, Үкімет басшысы --департаменттер үйі мен үлкен бассейні бар спорт кешені, 7 мың орындық стадион, Оқушылар сарайы мен драма театр,  қалалық парк құрылысымен танысты. Сондай-ақ,  «Rixos Turkestan» және «Hempton by Hilton» қонақүйлерін салушылармен тілдесті. Бұдан соң «Керуен Сарай» деп аталатын көпфункционалды туристік орталықтың  жобасымен танысты. Оған 80 млрд теңге инвестиция тартылған.  Айта кетейік, Елбасы Түркістандағы 24 нысанның құрылысын өңірлерге, ұлттық компанияларға және бизнес өкілдеріне тапсырған. Соның 8-і былтыр бітті. Қалған 16-сы  осы күзде халық игілігіне берілмек. Оның ішінде, әлгінде айтқан нысандардан бөлек, конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, стадион, цифрлық кеңсе, қалалық саябақ, драма театр, ғылыми-әмбебап кітапхана, медиа-орталық, Қожа Ахмет Яссауи мұражайы секілді ірі нысандар бар.

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯ БАСШЫСЫ РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ
20:31, 25 мамыр 2020
ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКИЯ БАСШЫСЫ РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:30, 25 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ А. КӨЛГІНОВТЫ ҚА...
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
13:01, 25 мамыр 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...