ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:31, 20 қыркүйек 2019

Премьер-министр Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Елбасының "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламалары аясындағы инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан кәсіпорындарды аралап көрді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы барысымен танысты.  

Үкімет басшысы алдымен, Еңбекшіқазақ ауданындағы алма бағын аралап, жұмысшылармен кездесті. Бақ 2012 жылы ашылған. тартылған инвестицияның сомасы - 1,1 млрд теңге. Аумағы - 150 гектар. 2020 жылдары оны 300 гектарға жеткізбекші. Қазір әр гектардан 70-80 центнер өнім алып отыр.

Бақта алманың 14 түрлі еуропалық сорты бар. 500 мың ағаш жайқалып өсіп тұр. Пісіп жетілген жемісті сақтауға арналған сыйымдылығы 6000 тонна қойма да салынған.

ТЕМІРЛАН РҮСТЕМБАЕВ, ӨНДІРІС МЕНЕДЖЕРІ:

- Қазір бізде 124 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді. Ал, маусымдық еңбек кезінде 100 адамды қосымша жұмылдырамыз. Жалақылары - 80 мың теңге. Барлығы дерлік Еңбекшіқазақ ауданының жұрты.

Алмабақтан соң, Премьер-министр жүгерінің 17 түрін өсіретін агроөндірістік кешеннің алқабын аралап көрді. Дала диқандарының сөзінше, жыл сайын құнарлы жерден сапалы әрі тұрақты өнім алып отыр. Бұдан әрі қарай Үкімет басшысы тауарлы-сүт фермасында болды. Оған тартылған қаражаттың құны - 1,2 млрд теңге. Зауытта тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін 2 цех бар. Мұнда қазір 262 адам еңбек етіп жатыр. Жалақы 200 мың теңгеге жуық.

СЕРІК СМАИЛОВ, ЗАУЫТ БАСШЫСЫ:

- Кәсіпорын пастерленген, ультрапастер¬ленген сүт өнімдерінің 63 түрін шығарамыз. Міне, қыркүйекте біз Өзбекстанның Нүкіс қаласына 100 тонна өнімді экспорттадық. 100 тонна майды Ресейдің нарығына жөнелттік. Ал, өсімдік шаруашылығына келсек, жүгері өсіреміз. Былтыр 9, биыл 10 мың тонна өнім алдық. Оның 7800 тоннасын Өзбекстан мен Тәжікстанға жібереміз. Енді Ауғанстан мен Иран қызығушылық танытып отыр.

Ал мынау Іле ауданындағы ең ірі инвестициялық жоба. Жаңа зауыт жылына 100 мың тонна өнім шығарады. Майдың 800-ден аса түрі бар. Кәсіпорын өнімдерін ішкі нарықтан бөлек, Орталық Азия, Қытай, Ауғанстан, Моңғолияға экспорттайды. Өндіріс орны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік магистраліне жақын орналасқан. Сондықтан, логистикалық жағынан аса қолайлы. Ашылу салтанатына қатысқан Үкімет басшысы еліміздің көмірсутек секторына 9,5 млрд АҚШ доллар инвестиция құйған компанияның маңызы зор. Себебі, мұнай-газ секторының дамуына, яғни шикізаттық бағыттан терең өңделетін өнім шығаруға септігін тигізеді.

АНДРЕЙ МАТЮХОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС  ДИРЕКТОРЫ:

- Зауытта 200-ге жуық  жергілікті тұрғын жұмысқа орналасады деп отырмыз. Олардың басым бөлігі Іле ауданы мен Алматы облысы және Алматы қаласынан келетіндер болмақ. Біз Қазақстанның заңнамасы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық құқық талаптарына сәйкес жұмыс істейміз.

Премьер-Министрдің қатысуымен «Лукойл» мен «ҚазМұнайГаз» компаниялары арасында «Қазақстан Республикасының аумағындағы учаскелерді  бірлесіп зерттеу туралы» келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Іле ауданындағы G-4 City жобасымен танысты.  Оны іске асыру жұмысы 2008 жылы басталған.  Ал, 2030 жылға дейін бірінші Gate City қала-спутнигін салу көзделген. Сондықтан, "Болашақтың алып қаласы" осында бой көтермекші. Бұдан кейін Премьер-министр Жамбыл ауданындағы еткомбинатын аралап көрді. Кәсіпорын жылына 8 мың тонна ет өнімдерін шығарады. Жобаның инвестициялық құны - 3,4 млрд теңге. Өндірістік кешен "Индустрияландыру картасы" аясында іске асқан.

Үкімет басшысы Алматы облысына жасаған жұмыс сапарының соңында Қарасай ауданындағы 1995 жылдан бері кондитерлік өнімдерді шығаратын зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі болған өндіріс орнында 800-ден астам адам жұмыс істейді.

Тақырып бойынша материалдар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...