ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ

20:34, 11 маусым 2019

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарын және сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға күш саламыз». Бүгін Үкімет отрысында премьер-министр Асқар Мамин осылай деді. Отырыс кезінде осы жылдың бес айында жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылмен салыстырғанда 4% жоғары көрсеткіш көрсеткені айтылды. Экономиканың алға сүйрейтін құрылыс, сауда-саттық, өңдеуші сектор, машина жасау салалары өсу байқалады. Ал, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының жұмысы оң бағаланды. Үкімет басшысы жеміс-жидек пен көкөністердің көп уақытында базардағы бағаны арзандату жайын тапсырды.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл экономиканың және инфрақұрылымның тұрақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау мәселесін жақсарту арқылы халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының стратегиялық міндеттерін тиімді жүзеге асырудың арқасында әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік жасалады Бұл өте маңызды міндет.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
13:07, 20 қыркүйек 2019
ӨҢІРДЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КӨПТЕП ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...