ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ

20:32, 13 тамыз 2019

Биыл  405 мың балғын мектеп табалдырығын алғаш аттамақ. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы апта қалса да, барлық мектептің 85 пайызында ғана жөндеу жұмыстары аяқталған. Осы мәселе  Үкімет отырысында кеңінен талқыға түсті. Премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге аталған жұмысты аяқтап, білім ошақтарының 1 қыркүйекке 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырды.

Енді үш аптадан соң жаңа оқу жылы басталады. Ал мектепті жөндеу, балалардың тасымалы, ыстық тамақпен қамту секілді мәселелер әлі толық шешілмеген. Осылай деген Асқар Мамин әкімдерге қатаң ескерту жасады. Әсіресе, Шымкент қаласы мен Түркістан облысына оқулықтарды жеткізу мерзімі кешіккен. Ел бойынша, мектепке баратын оқушы саны 3-млн.нан астам. Оның ішінде, алғаш мектеп табалдырығын аттайтындар саны биыл әдеттегіден көп.

 АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырауда орын тапшы. Елордада 108 мектеп бар. Соның өзі жетпей жатыр. Қала қарыштап дамыған сайын, халық санының артатыны заңды. Жоғарыда айтқандай, бірінші сыныпқа баратын балғындар көп. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 6 мың балаға артық. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 мың орын қажет.

 АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Үкіметте, жағдайы төмен отбасылардың 300 мың теңгеге дейін берешектерін өтеу мәселесі де сөз болды. Ұлттық банк азаматтардың тізімін жасақтаған. Осы тізімдегілердің қарызы тамыздың соңына дейін өтелмек.

 ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

Елбасы бастамалары мен Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау Үкіметтің басты бағыты болмақ. Оның ішінде, инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру, экономиканы әртараптандыру секілді салалар бар.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:34, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 22 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...