ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

ҮКІМЕТТІК ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ САПАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ

17:50, 6 мамыр 2019

160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша өңірлерге жасаған жұмыс сапарларын қорытындылады. Ақпаратқа сәйкес, бүгінде тек сәуір мен мамыр айының өзінде атаулы әлеуметтік көмек үшін 23 млрд теңге бөлінген.  Ал, жалпы жыл бойы аталған төлемді төлеуге 130 млрд теңге тағайындалып отыр. Яғни, орта есеппен әрбір отбасыға 105 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек берілмек. Бір айта кетерлігі, бұл төлем жыл бойы төленеді. Соған сай, табыс жыл сайын нақтыланады. Жалпы екі ай бойы жер-жерді аралаған жұмыс тобы 160-қа жуық елді-мекенде болып, 300-дей адамды жеке қабылдаған. Тұрмысы төмен 72 отбасының үйне арнайы барған. 

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Кездесулерді талдай келе халықтың әлеуметтік осал санаттарын, ең алдымен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды тұрғын үй, атаулы әлеуметтік төлем, жұмысқа орналасу, шағын несие беру, жер телімдерін беру, білім беру, денсаулық сақтау сапасын және басқа да өзекті өңірлік мәселелерді көтеретінін көрдік.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ  Ә. ТҰРҒАНБЕКОВКЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
20:32, 15 тамыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Ә. ТҰРҒАНБЕКОВКЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар