ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ҰҚШҰ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫ

20:32, 28 қараша 2019

Бүгін Қырғыз елінің астанасында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтті.Алқалы жиынға қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, ұйымды дамыту бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей мен Тәжікстан кіретін ұйым кеңесі бір жылдық жұмысты қорытындылады. Биыл Қырғыз елі төрағалық еткендіктен, ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларын Сооронбай Жээнбеков Бішкекте президент резиденциясында қабылдады.Қырғыз басшысы ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларымен протокол бойынша суретке түсті. Бұдан соң Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі шағын құрамда келіссөздер жүргізді. Отырыс жабық есік жағдайында өтті. Ал жиында көтерілген басты мәселелерді кейін баспасөз мәслихатында осы ұйым бас хатшысының міндетін атқарушысы жария етті.

ВАЛЕРИЙ СЕМЕРИКОВ, ҰҚШҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Сессия барысында мемлекет басшылары әлемдегі және біздің ұйым қарамағындағы аймақтағы әскери-саяси жағдайды жан-жақты талқылады. Осы ахуалды сараптап,қорытындылау негізінде алдағы уақытта жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылды. Барлық бағыт бойынша. Оның ішінде сыртқы саяси қарым-қатынас және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнату бойынша жұмыстарды реттеу мәселелері бар. Әсіресе терроризм мен экстремизмге қарсы күреске басымдық беріліп отыр.

Ал кеңестің кеңейтілген отырысында ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл құжат арқылы алты мемлекет стратегиялық шабуылдау қару-жарағын азайту және шектеу бойынша келісім мерзімін ұзартып отыр. Жалпы, Бішкектегі саммитте мемлекет басшылары күн тәртібіне енгізілген барлық мәселе бойынша өзара мәмілеге келді. Сондай-ақ бір жыл төрағалық еткен қырғыз елінің жұмысына оң баға берілді.Ұйымға енді Ресей Федерациясы жетекшілік етеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
20:34, 12 желтоқсан 2019
ЖАЛҒА БЕРГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:33, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
20:32, 12 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
20:58, 10 желтоқсан 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Толығырақ...