ШҰҒЫЛ! «АМАНАТ» САЙЛАУДЫҢ АШЫҚ, ӘДІЛ ӨТУІН БАҚЫЛАЙДЫ Толығырақ

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

20:36, 15 мамыр 2019

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Ядролық қаруға тыйым салу шартын ратификациялау туралы»  заң жобасын мақұлдады.  Шарт ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат. Өз кезегінде БҰЛ ядролық қарудың толық жойылуы үшін қажетті алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр. Шарт ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікелей тыйым салады. Сонымен қатар, ережелеріне сәйкес ядролық қаруды пайдалануға және оны қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған. Айта кетерлігі, Қазақстан – Орталық Азия елдерінің ядролық азат зонасының мүшесі.  Елімізде бұл бағытта кешенді шаралар қолға алынды.

САПАР АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Біздің еліміз бен атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі арасында Қазақстанда осы атом энергиясы жөнінде халықаралық агенттігінің   төмен байытылған уран банкінің қазіргі кездегі  жай күйі қандай?

ӘСЕТ МАҒАУОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Іс шаралардың бәрі орындалды, 90 тн уранды сатып алып отыр қазір. Бұл тендорғ,а Қазатомпром қатып, 2 тн-сын Қазатомпром береді. Осы жылдың август айында банкты іске қосу үшін соңғы тексеру өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
21:36, 17 мамыр 2019
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
14:40, 17 мамыр 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН – ҚАЗИЗ ТӘШЕНОВ
Толығырақ...