ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БЕКИ ТҮСПЕК

20:38, 15 мамыр 2019

Мәртебелі мейманмен Сенат спикері Дариға Назарбаева да кездесіп, ынтымақтастық  мәселелерін дамыту жайын талқылады. Грузия Премьер-министрі Мамуко Бахтадзе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы әріптестікті жандандыруға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Ал Дариға Назарбаева көлік-транзит саласында өзара тиімді жұмыс істеп, мүмкіндікті пайдалануымыз қажет деді. Өйткені екі мемлекет арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.  Грузия Премьер-министрі екі елдің жоғары оқу орындарын тығыз жұмыс істеуге шақырды. Қос тарап туристік әлеуетті дамыту жолдарын  талқылап, гуманитарлық әріптестікті де назардан тыс қалдырмады.

Сондай-ақ жоғары палата спикері Кипр Сыртқы істер министрі Никосом Христодулидиспен кездесу өткізді. Онда да алыс, беріс, барыс, келіс мәселелері қаралды.  Қазақстан мен Кипрдың көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерге көзқарасы жақын. Сапар аясында қол қойылған үкіметаралық құжаттар екі елдің  іскерлік ортасын жақындастыруға мүмкіндік беретініне сенім мол .Сауда-экономикалық мәселелерді талқылай келе, Дариға Назарбаева  Кипр тарапын біздің елде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...