ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ

20:33, 16 шілде 2019

Ғылым мен білім саласын жамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. Жаңа құжатта білім мен ғылымды қаржыландыру көлемі артып, ауыл мен қала мектебі арасындағы алшақтық азайтуға басымдық беріледі. Сондай-ақ бұрыннан шешілмей келе жатқан 3 ауысымды және апатты мектептер мәселесі де жабылуы керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент үкімет пен құзырлы министрлікке осындай тапсырма жүктеді. Онда әсіресе ғылым саласына көп көңіл бөлінбек.

- Қала және ауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнге дейін алшақтық көп, 3 ауысымды және апатты мектептердің мәселесі әлі де өзекті.

Білім мен ғылым саласын дамытудың қазір қолданыстағы бағдарламасының мерзімі бітуге жақын. Оның аясында білім берудің стандарты мен мазмұны жаңарды. Алайда шешілмеген мәселелер де жоқ емес. Олар саланы дамытудың 2020-2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында шешілуі керек.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ғылым саласына бөлінетін қаржы ішкі жалпы өнімнің 0,13 пайызын ғана құрайды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш бес пайызға дейін жетеді. Бөлінген қаржыны тиімді игеру жағы да ақсап тұр. Сарапшылар ғылым саласына ішкі жалпы өнімнің кемінде 1,5 пайызын бөлмей оны дамыту мүмкін емес деп отыр. Сондықтанда үкімет бұл салаларға қаржыландыруды 5 пайызға дейін көбейту керек. Бұл жұмыс жаңа бағдарамада ескерілсін.

Мемлекеттік бағдарлама балабақшадан ғылыми зерттеу институттарына дейінгі саланы қамтитын ауқымды құжат. Сондықтан оны кеңінен талқылау маңызды. Бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерін, сала мамандарын жұмылдыру міндетті. Министрлік жобалық кеңсе ашып, құжатты жасақтауға кірісіп кетті.

 АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

- Бұл кеңседе заңгерлер отырады. Олар барлық құжаттарды талқылап, құқықтық базаны нығайтуға атсалысады. жобалық кеңсені жеке жоғары оқу орны базасында ашуымызда үлкен мән бар. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тартуға мүдделіміз.

Бағдарламаның басты мақсаты ұстаздарды білім саласының сапасын арттыру, ондағы қызметкерлердің қоғамдағы рөлін күшейту. Президент бұл құжатты күтпестен жыл соңына дейін Ұстаз мәртебесі туралы заңды қабылдауды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
20:34, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 22 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...