ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН Толығырақ

ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

20:35, 15 қаңтар 2020

Соғыс жағдайындағы мемлекеттік органдардың қызметі туралы заңға өзгерістер әзірленді. Оларды бүгін қорғаныс министрлігі Мәжілістің жалпы отырысында таныстырды. «Өзгерістердің мақсаты – мемлекеттің соғыс жағдайы кезеңінде жұмыс істеуі, сонымен қатар бейбіт уақытта оған дайындалу мәселесін құқықтық реттеу. Әсіресе, «Соғыс жағдайы туралы» Заңда Президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отыр. Сонымен қатар, соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органның өкілеттігін көздеу, оларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесін құруға өкілеттік беру ұсынылды. Бұдан бөлек Нұрлан Нығматуллин мәжілістің салалық комитетіне қару жарақ арсеналы мен қоймалардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша жаңа заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Депутаттар оны маусым айына дейін қабылдауға әзір екендерін айтты.

МҰРАТ БЕКТАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...