ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

20:34, 4 қараша 2019

2022 жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде жұмысшы жастарға арналған жалдамалы пәтерлер салынады. Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев  айтты.  Сондай-ақ, отырыс кезінде жастар арасындағы өзекті проблемалар көтеріліп, оларды шешу үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар айтылды.

Қазір жастардың жағдайын жақсартуға бағытталған 89 жоба бар елімізде. Оның 13-і биыл толық орындалды. Өзгесі алдағы 2 жылда нәтижесін береді.

ГҮЛМИРА ИСИМБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасын іске асыруға Республикалық бюджеттен 3 жылға 292 млрд теңгеден астам шығын қарастырылған. Оның 85-і осы жылға көзделген. Көріп отырғандай қаржымен толық қамтамасыз етілген.

Мәжілістегі үкімет сағатында алдымен жастарға қатысты өзекті деген мәселелер нақтыланды. Алғашқысына әрине баспанамен қамтылу көрсеткіші. Осы бағытта жұмысшы жастарға арналған арнайы бағдарлама да іске қосылды. Оның аясында жыл соңына дейін 3 мың ал 3 жыл ішінде 9 мың пәтер мемлекет тарапынан жалға берілмек. Бұл бағдарлама болашақта жетілдіріле түседі деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

ДӘУРЕН АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

- Ұсыныс жасап жатырмыз. Үлкен, ірі қалаларда, осы үш қаладан басқа қалаларда да осы жобаны. Бірақ та ол жерлердже мың пәтер беру қажеттілігі бар ма жоқө па оны есептеу керек. Мүмкіншілік бойынша. Петропавл қаласында, қостианай қаласында. Мүмкін ондай пәтер мұмкіндік болса ондай пәтер адамдарға жақсы серпін болады ғой деген.

Қозғалған келесі мәселе жастарды еңбекпен қамту. Қазір жұмысқа қабылдау үшін қойылатын басты талаптардың бірі тәжірибенің болуы. Осы кедергіні жою үшін мемлекет арнайы жобаны жүзеге асырып жатыр.

НҰРЖАН ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Оны жұмысқа қабылдайды. Бірақ зарплатасын мемлекет төлеп отырады. 6 айдың ішінде. Ол енді жұмыс беруші үшін өте ыңғайлы. Сол 6 айдың ішінде сол жасқа қарап, оның деңгейін қарап, басқа нелерені қарап, арасында қарым қатынас орнағаннан кейін одан кейін жұмысқа ала береді.

Көпшіліктің көкейіндегі заңды сұрақ: жастар жылы аяқталған соң әлгі қыруар қаржы бөлінген жобалардың барлығы аяқсыз қалмайды ма? Төменгі палата өкілдері бағдарламалардың болашақ тағдырын да ретімен түсіндірді.

НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Жастар жылының аяқталуы мен келесі волонтер жылының басталуы екеуі екі түрлі бағыт емес. Екеуі ағайындас, егіз ұғым. Волентер кімдер? Сол студент жастар, сол жұмыссыз жүрген жастар. Бірімсен бірі жалғасын тапсын деген ойменен жол картасының үш жылға беріліп отырған жайы бар.

Ерікті боп жұмыс істегендерге болашақта оқуға түсіп, жұмысқа орналасқан кезде жеңілдіктер жасалуы тиіс. Депутаттар осындай ұсыныс жасады. Бұл мәселе болашақта өзге елдердің тәжірибесін зерттей келе қарастырылады.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
17:53, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...