ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – БАСТЫ МІНДЕТ

17:53, 2 қыркүйек 2019

Экологиялық таза өнімге сұраныс жыл санап артып барады. Алайда әлемдегі өндіріс көлемі мардымсыз боп тұр.  Сондықтан саладағы бәсекелестіктің төмендігін пайдаланып, Қазақстан табиғи таза өнім өндіруге құлшынуы тиіс. Жолдауда басымдық берілген бағыттардың бірі де осы - ауыл шаруашылығын дамыту. Мемлекет басшысы, жерді тиімді пайдаланып, елдегі суармалы жерлердің көлемін 2030 жылға қарай 3 млн гектарға жеткізуді тапсырды. Бұл қадамның арқасында ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 4,5 есеге ұлғаюы тиіс.

Шетелден әкелінген мына тың техника – бес аспап. Бір уақытта бірнеше қызметті атқарады. Тұқымды себеді, топырақпен бастырады. Іле-шала соның бойымен су ағатын түтікшелерді жүргізеді. 200 гектар жерге егілген мақта тұтастай тамшылатып суарылады.

 МӘДӘЛІ ТӘЖІБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Артық культивация жасаймыз. Суды 5 есеге үнемдейміз. Және де мақта талшығы 40 пайызға дейін өнімділік береді. Ал бізде Қазақстанда ол бүгінде 30-32 пайыздан аспайды.

Тың тәсілдің таңғажайыбы сол – жерге себілген дән толығымен өсіп-өнеді. Бұл – өнімділікті арттырады. Мұны ғалам ғалымдары дәлелдеп берді.

ӘБДІМАНАП КОЧОРОВ, А. БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мәселен бидайды алып қарайтын болсақ, суарылмайтын жерлерді алатын болсақ өнімді Солтүстік Қазақстанда 15 пайыздан аспайды. Тамшылап суару жағдайында оның өнімділігі 40-60 центнер болады. біріншіден өнім, екіншіден качествасын жөндеп алуға болады

Қазір, Қазақстанда 1 млн 400 мың гектар суармалы жер бар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 42% осы жерлерден алынады. Алдағы 10 жылда оның көлемі  3 млн гектарға жетуі тиіс. Шраулар бұдан аста-төк өнім алады, ал, құзыретті органдар осы өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға қолдау көрсетеді. Тағы бір айтарлығы, отандық азық-түлік экспортқа шикізаттай емес, дайын күйінде шығуы тиіс. Осы ретте, ауылшаруашылық саласына шетелдік инвесторларды тарту – күн тәртібінен түспек емес. Ал, жер ешкімге сатылмайды.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін, жэеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауасет таратуды доғару керек. Бірақ, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету біздің міндетіміз. 

Осылай, жерге қатысты дауға нүкте қойылды. Есесіне, қазақтың шұрайлы қара жерін тиімді пайдалануға баса мән беріледі. Кезінде, үлкен жер телімдерін тегін иемденіп, бірақ, кәдеге жаратпаған қожайындардан бұл аумақтар мемлекетке кері қайтарылады. Президент осыған пәрмен берді.

 

Тақырып бойынша материалдар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...