ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА БОЛҒАНДАР КӨП, БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

20:47, 9 қаңтар 2019

2018 жылы  елімізде жол-көлік оқиғасынан 2 мыңнан астам адам қайтыс болды. 20 мыңнан астамы жарақат алды. Сандарды мысалға келтірген Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Ішкі істер министрінің атына сауал жолдады. Осы оқиғалардың кесірінен Қазақстан Тәуелсіздік жылдары 82 мыңға тарта адамды жоғалтты, ал зардап шеккендер жарты миллионға жетіпті.  Депутат қалыптасқан жағдайды кешенді түрде шешу керектігін айтып, шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды.

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

- Жол-көлік оқиғаларының көбісі көліктегі ақау немесе жол инфрақұрылымы жағдайына байланысты емес. Жолдағы апаттың басым бөлігі жол қозғалысындағы адамдардың, жүргізушілердің кінәсінан. Бұл өз кезегінде барлық аварияның  95 пайызын қамтып отыр.

Казанцевтің әріптесі Артур Платонов болса  Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстан соң елімізде қауіпсіздікке назар аудару қажет деді. Мәселен, жаңа жылдың алғашқы күндері Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты жатақханаға жақын жерде газ толтырылған цистерна жарылған.  Жалпы былтыр осыған ұқсас 80 төтенше жағдай тіркеліпті. Оның тең жартысы газ балонынан. Сорақысы сол, бұған ешқандай бақылау жүргізілмейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...