ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

20:33, 9 желтоқсан 2019

Шағын және орта кәсіп иелері келер жылдан бастап 3 жылға салықтан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орталық коммуникациялар қызметінде өткен ғылыми-практикалық конференция аясында айтты. Бұл Жолдау жүктеген негізгі мәселелердің бірі. Бүгін Елордада Президент Жолдауының алғашқы нәтижелері талқылады. 

Ел экономикасының биылғы нәтижесі жаман емес. 10 айдағы жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайыз. Жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, машина жасау бағыттары бойынша даму басым. Нәтижесінде, еңбек нарығындағы ахуал біршама жақсарған. Халықтың нақты табысы артты. Жұмыссыздық деңгейі біршама түсіп, 4,8 пайызды көрсетті. Президент пәрмен берген негізгі міндеттердің бірі - шағын және орта бизнесті қолдау. Қазір ел халқының 30 пайыздан астамы кәсіппен айналысады. Мұны еселеп көбейту міндеті тұр. Осыған сәйкес, келер жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері табыс салығын төлеуден босатылады. 3 жылға.  Бұдан бөлек тексеруге мораторий жарияланбақ. Осылайша, 3 жылда 100 мыңға жуық тексеріс тоқтатылады.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

- Бұл жеңілдік 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және заңнамалық түзетулер пысықталды. Нәтижесінде, бизнес 3 жылда 382 млрд теңге үнемдей алады. Үнемделген сома кәсіпкерлерге айналым қаражатын толықтыруға және жалпы өз қызметтерін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл әкімшілік жүктемені төмендетуге, бизнес-ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бизнесті оңай жүргізуге және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді.

Ең тиімді инвестиция – ол білімге жұмсалатын қаржы. Білім сапасы мен мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін жаңа Заң қабылданды. Өйткені, қазір мектепті «алтын белгімен» бітіргендер ұстаздық қызметке мүлдем жоламайды. Керісінше ҰБТ-ден ең төмен балл алатын түлектердің 70-80 пайызы мұғалім болып жүр. Президент Жолдауда осы мәселеге ерекше басымдық беріп, нақты тапсырма жүктеген болатын.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

- 4 үлкен мәселе шешіліп отыр. Бірінші жүектемені азайту. Екінші материалды стимулдар. Үшінші материалды емес стимулдар. Төртінші педагогтарды қолдау мәселесі қолға алынды. Қазір мәжілісте 2 оқылымда мақұлданды. Қазір сенат қарауына жіюерілді. Жыл соңына дейін Заң қабылдануы керек. Президент тапсырмасы бойынша Заң қаржымен қамтылуы керек деді. Ешқашан болмаған 5,3 трлн теңге тек қана осы заңға бөлініп отыр. Бұл өте үлкен қаражат.

Қысқа уақытта атқарылған іс ауқымды. Барлық бағыттағы көрсеткіш тәуір. Бастысы билік пен бұқара арасындағы байланыс жақындай түскен.

ДАРХАН КӘЛЕТАЕВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жолдауда халық пен билік арасындағы диалог формуласы айтылды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы әзірленді. Қазір ол жемісті жүзеге асуда. Халықпен кері байланыстың орнап жатқанын көріп отырмыз. Осы бағытта атқарылатын жұмыс әлі көп. Сонымен қатар, Жолдауды жүзеге асыру туралы бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.

Жыл соңына дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың  мемлекеттік аппарат пен Үкімет алдына қойған нақты тапсырмаларына байланысты тағы бірқатар құжат бекімек. АН С Жагиев  ҚҰА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АТАМЕКЕН»  ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:32, 22 қаңтар 2020
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ...
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
20:31, 22 қаңтар 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...