ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ КОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛУ-ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТЫЛУ

20:33, 3 сәуір 2020

Елдік істе еңсе тіктеп, бас біріктіретін кез жетті. Мемлекет басшысы әскери міндеттілерді қысқа мерзімдік қызметке жинау туралы жарлық шығарды. Әлемді әбігерге салған вирустан арылу – басты талап. Ал ол азаматтардың сақтана отырып, сапалы қолдау көрсетуіне тікелей байланысты.  Нысаналы Ығыл арнайы жиынға кімдер шақырылатыны туралы баяндап береді.

Биылғы әскерге шақырудың жөні бөлек. Жаппай жинап жатыр. Бұған дейін өңірлерде қажетіне қарай өткізілетін. Негізгі себеп – індетпен күрес. Сосын су тасқынының да қаупі бар. Қысқа қайырсақ, қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырмас үшін – адами ресурс әзір болуы керек.

АМАНГЕЛДІ ҚҰРМЕТҰЛЫ, ЖУРНАЛИСТ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

- Әкімдер шақырып өтініш қылған жағдайдың өзінде олар жұмыстан босатпайды немесе түрлі сылтаулар айтып ортақ іске жұмылмауы да ғажап емес. Президенттің жарлығынан кейін жұмыс берушілерде осы жарлыққа бағынады, өз қызметкерлерін босатады. Жаңағыдай қауіп-қатердің алдын алған шаруаларға жұмылдыра алады.

Сонымен тәжірибелі мамандар блок бекеттердегі күзетке, айналаны патрульдеуге және санитарлық тазалық жұмысына тартылады. Запастағы офицерлер 60 жас, сержанттар мен жауынгерлер 50 жасқа дейін жарамды. КЕСТЕ: Борышын өтеушілер өзге өңірлерге жіберілмейді. Мерзімі әзірге 3 ай. Созу-созбауын әкімдер шешеді. Арнайы жиын кезінде жұмыс орны мен лауазымы және жалақысы сақталады. Ал жұмыссыз болса 42 500 тг төленеді. Әскери міндеттілерді жинауды мобилизациямен шатастырмау керек.

НҰРЛАН ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

- Мобилизация мемлекеттің барлық саласын, ұйымдарды, халықты, әскерлер мен әскери құрылымдарды соғыс жағдайына көшіру деген сөз.  Мәселе ол турасында емес. Төтенше жағдай кезінде өз күшін көрсетіп, халыққа көмек беруге бірігу керек. Ондай ұсыныс-тілектер көп. Министрлік әскери комисариатқа еріктілер арасынан әуелі жастарды және созылмалы аурулары жоқ адамдарды шақыруға кеңес берді.

Арнайы жиыннан заңға сай мына санаттағы азаматтар босатылады. КЕСТЕ: Қорғаныс, қауіпсіздік саласымен байланысты мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар. Мемлекеттік, азаматтық және эксперименталды авиация. Ішінара ауыл шаруашылығы мен білім саласы мамандары. Сондай-ақ 3 немесе одан да көп баласы кәмелет жасына толмаған отбасы.

ЕРЖАН ХАМИТОВ, «ЖАС ОТАН»  ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ  ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Дәрігерлеріміз бен құқық қорғаушыларымыз күн-түн демей арпалысып жатыр. Қазір оларға көмек қажет. Президентімміздің әскерге жарамдыларды арнайы жиындарға  шақырту туралы қаулысын толық қолдаймын

Сын сағат бір жағынан шыңдайды. Енді бәріне төнген қауіптен жұдырықтай жұмылып құтылудың жолы ашылды. Қолдау таныту – әр адамның өз қалауында.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ЖЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛМЕК
20:35, 3 маусым 2020
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ЖЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ТОЛЫҚТЫРУЛАР...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ
20:34, 3 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ РЕСЕЙЛІК БАСЫЛЫМҒА СҰХБАТ БЕРДІ
20:33, 3 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ РЕСЕЙЛІК БАСЫЛЫМҒА СҰХБАТ БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар