ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ Толығырақ

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ОБЛЫСҚА 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚОНЫС АУДАРАДЫ

20:38, 23 қазан 2020

Облыста күнгейден көшіп келген азаматтарға барлық жағдай жасалып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен Ұлттық кеңесте көшіп келушілерге берілетін көтермеақы мөлшерін ұлғайтуға тапсырма берді. Айта кету керек, 2016 жылдан бері еліміздің өзге 5 өңірінен 7 мыңға жуық адам қоныс аударды. Биыл жалпы оңтүстіктен солтүстікке 688 отбасыға үй салу жоспарланған. Тақырыпты әріптесім тарқатады.

Соңғы жылдары өзге өңірлерден көшіп келгендер қатары артты. Мәселен, биыл жұмыс күші артық аймақтардан облысқа 549 шаңырақ, яғни 1678 адам қоныс аударды. Нәтижесінде аймақта инфрақұрылым саласы дамып, әсіресе, ауылды жерде үйлерді тұрғызу жұмыстары жақсы жолға қойылды. Өткен айда солтүстікке жұмыс сапарымен келген Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоныс аударғандармен тілдесті.        

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл өңір демографиялық өсімі төмен облыстың бірі болғанымен, қоныс аударушыларды тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетті. Аймақта көшіп келушілерге барлық жағдайлар жасалып жатыр. Жаңа үйлер салынды. Сонымен қатар, инфрақұрылым дамып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударушыларға субсидиялар ретінде көмек те қарастырылған. Сондай-ақ, міндетті түрде баспана беріліп, тұрақты жұмыс орындармен қамтамасыз етіледі.  

НАЗЕРКЕ ТАСҚҰЛОВА,  СҚО ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Көрсетілетін көмекке қоныс аудару үшін субсидия қарастырылған. ол 35 айлық көрсеткіш көлемінде. Яғни, 97230 теңге. Сондай-ақ, баспана жалдауға субсидия беріледі. Ол отбасына және тұратын жеріне байланысты болады. 15 айлық есептік көрсеткіштен 30-ға дейін. Жыл соңына дейін 300-ге жуық адамды қабылдау жоспарланған.

Былтыр жұмыс күші артық өңірлерден келгендерге 428 үй салынды. Биыл 688 баспана қоныс аударушыларға тұрғызылып, тапсырылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
20:40, 23 қараша 2020
78 АУЫЛДЫҢ ТҰРҒЫНЫ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
20:36, 23 қараша 2020
АЛҒАШҚЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНЫҢ АШЫЛҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
Толығырақ...
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
17:19, 23 қараша 2020
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМНАН АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...