ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

«АЛТЫН САПА» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫНА 1 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

18:22, 16 мамыр 2018

Кәсіпкерлік саласындағы аса беделді «АЛТЫН САПА» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқау шарттарына биыл біраз жаңашылдық енгізілді. Жаңа номинациялар қосылып, жеңімпаздарға сыйақы тағайындалады.

Үздік азық түлік өнімдерін шығаратын, тұрғындарға қажетті өнімдерді өндіретін үздік компания мен қызметін жақсы көрсететін кәсіпорындарды іріктеп анықтайтын «Алтын Сапа» байқауында биыл жаңа «Үздік ауылшаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорын» деп аталатын  төртінші номинация қосылды.

ЕВГЕНИЙ МАМЫКИН, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Байқауды өткізуде де өзгерістер бар. Енді кәсіпкерлік дода 4 кезең бойынша өтеді. Жаңа  ережелер бойынша ақтық сайысқа шыққан кәсіпорындарға сарапшылар барып, өз зерттеулерін жүргізеді. Енді қағаз жүзінде жіберілген материалдар қаншалықты шындыққа жанасатыны байқалады. Жеңімпаздар 1 млн теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.  

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы ел нарығын сапалы өніммен қамту мақсатында ұйымдастырылып, көрме түрінде өткізіледі. Биылғы жаңашылдықтарға сәйкес енді әр номинация жеңімпаздарын дәрежелерге бөлмей, 3 жүлдегер ғана анықталмақ. Оған қоса, тұтынушылар байқаудың ресми сайтына кіріп, өнімі ұнаған кәсіпорынға дауыс бере алады. Байқауларды Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруды қолға алғаннан кейін 2015 жылдан бері өңірдің 2 өндіріс ошағы жеңімпаз атанды. Соның бірі ауыл шаруашылығына қажетті  химиялық бүркуіш техникасын шығаратын «Авагро» серіктестігі.

НИКОЛАЙ ЕРОХИН, ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫН ЖЕТЕКШІСІ:

Кез келген кәсіпорынға қойылатын талап сапалы өнім шығарып, онда жұмыс істейтін адамдарға қолайлы жағдай жасау. Біз осы ұстанымнан ауытқымауға тырысамыз.  Менің ойымша, облыста байқаудың бас жүлдесіне лайықты өндіріс ошақтары баршылық. Тек ниет білдіріп, қатысу керек. 

Биылғы «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысам дейтіндерден өтініштер 20 ақпаннан қабылдана бастады. Тұтынушылардың сенімін арттырып, өз өнімі жайында жариялаймын дегендер құжаттарын 1 шілдеге дейін Кәсіпкерлер Палатасына тапсыруы тиіс.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, "Алтын сапа", кәсіп, тауар

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
20:33, 3 тамыз 2018
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар