ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕКІ БІРДЕЙ СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛДЫ

20:51, 12 желтоқсан 2018

Қызылжар ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Зенченко и К» серіктестігінің бастамасымен 1200 бас ірі қараға арналған екі бірдейсүт фермасы іске қосылды. Енді қос фермадакүніне  28 мың тонна сүт өндірілмек. Оның ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров пен біздің түсірілім тобы болып қайтты. Сюжетті көрейік.

Алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Трудовое елді-мекеніне барды. Құны 600 млн теңгені құрайтын кешен 600 бас ірі қараға шақталған.Асыл тұқымды голштино фриз бен қара ала сиырлары бар шаруа қожалығында күніне 9,5 тонна сүт өндіріледі. Алдағы уақытта серіктестік оны 14 мың тоннаға жеткізуді мақсат етіп отыр. Айта кету қажет, бұл кешенде үш нысан бар.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Ия бірінде қара мал тұрса, қалған екеуінде сиырлар төлдейді және сауылады.Олар үшін барлық жағдай жасалған. Жылы жерде тұр. Сондай-ақ, біз ай сайын 120 бас ірі қара өсіріп,оны  көршілес Қостанай қаласына сатамыз.

Бүгінгі күні облыста соңғы үлгіде салынған 17 заманауи сүт кешені жұмыс істеп тұр.Үстіміздегі жылы бағдарламаға сәйкес, соған ұқсас 7 жоба әзірленіп, биыл оның төртеуінің тұсауы кесілді. Тағы үшеуі келесі жылы ашылмақ.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сүтті көбейту керек. Өйткені сүтке сұраныс бар. Ресей жақтан. Сондықтан бүгін экспортпен дұрыстап айналыса бастадық. Сондықтан мынандай мал шаруашылығын сүтті бағытпен жұмыс жасап жатырмыз. Жыл сайын біз 480-470 алатын болсақ. Биылғы жылы 500 тонна сүт шығартып отырмыз. 2019 жылы оны әрі қарай жалғастырамыз көбейтеміз.

Қазіргі таңда кәсіпкер сүт өнімдерін Ресей еліне экспорттап отыр. Сондай-ақ, көршілес Қостанай, Астана қалаларына жеткізеді.

ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгінгі күні сүттің 50 тоннасын Астана, 22 тоннасын Петропавлға тапсырамыз. Өздеріңіз білесіздер біздің өнім сұранысқа ие.Біз өндірісте өз шикізатымызды қолданамыз. Барлығын өзіміз істейміз.

Сиырды саууға арналған зал соңғы үлгідегі қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Технологияның дамыған заманында оператор ірі қараның Һәл жағдайын компьютер арқылы көре алады. Бұл жұмысты жеңілдетеді.

НҰРГҮЛ ЖҮНІСОВА, «ЗЕНЧЕНКО И К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЗООТЕХНИГІ:

- Сиыр жайында толық ақпартты осы компьютер арқылы көреміз. Егер сиыр сүтті аз бере бастасы, біз оны арнайы залға кіргіземіз. Содан соң оны ветеринар мамандары тексереді. Жалпы сиырлар күніне 25 литрге дейін сүт береді. Жалпы біз үшін ыңғайлы. Уақыт көп кетпейді.

Кейін өңір басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Новоалександровка елдімекеніндегі сүт фермасына ат басын бұрды. Бұл кешен 600 бас ірі қараға шақталған. Мұнда да асыл тұқымды голштино фриз бен қара ала сиырлары өсіріледі. Оның арқасында 20-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Жалақы жақсы, уақытылы беріледі.

ҚИЗАТ ЖАНДОСОВ, «ЗЕНЧЕНКО И К» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Ауылдың кісілері жұмыс істеп жатыр. осында 20 адам істейді. Айлықтары 100-120 мың. Ауыл көркейіп жатыр. Свет бәрі бар.

Бүгінгі күні «Зенченко и К» серіктестігі өз жұмысшылары үшін жаңа үйлер де салып берген. Тек қана аянбай еңбек етіп тер төгу керек. Келер жылы тағы 10-шақты тұрғын үй бой көтермек.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...