ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ АРТЫП КЕЛЕДІ

17:53, 26 сәуір 2019

Солтүстік Қазақстан облысы 2018 жылы 5 мың тоннаға жуық өсімдік майы мен 4264 тонна майлы дақылдар сығындысын экспорттады. Соның тең жартысы «Тайынша май» кәсіпорнының еншісінде.  Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған  бірегей кәсіпорынның қауқары жылына 300 мың тонна майлы дақылдар өңдеуге қауқарлы. Биыл, бұл кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында инженерлік коммуникацияларды тарту үшін қаражат бөлінді.

«Тайынша май» теріскейдегі ауыл шаруашылығын тірілткен кәсіпорын. Соның өңірде майлы дақылдар алқабы ұлғайып, шетелге бұрынғыдай шикізат күйінде емес, өңделіп, дайын өнім ретінде экспортталады.  

ЛУ ПЕЙ ТИ ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Зауыт ашылғаннан бері 60 тонна рапс сатып алдық. Бүгінгі күнге дейін оның 50 мың тоннасын өңдедік, дайын өнім алып, оны Қытайға жіберіп жатырмыз. 150 мың тонна рапстан 18 мың тонна сығынды, 12 мың тонна май алынады.

Зауыт ашылғалы- жұмыс орны табылды. Шетелден 10 маман келсе, қалғаны жергілікті тұрғындары.  Солардың бірі  Кенжебек Қалиев- кәсіпорында инженер болып қызмет етеді.

КЕНЖЕБЕК ҚАЛИЕВ, ИНЖЕНЕР:

- Зауыт заман талабына сай, жұмыс жүріп жатыр. Ашылғаннан бері 120 адам жергілікті адам жұмыс тапты. Жалақысы да жақсы.

Қазіргі күні кәсіпорында жылына 150 мың тонна майлы дақыл өңделеді. Болашақта зауыттың бар мүмкіндігін пайдаланып, 300 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...