ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ҚАЛАЙЫ ӨНДІРІЛЕДІ

14:51, 6 маусым 2019

Солтүстік Қазақстан облысында қалайы кен орны игеріле бастады. Ол еліміздегі жалғыз, Орталық Азиядағы ірі қалайы кен орны болып есептеледі. 18 жыл бойы зерттелген жобаға 100 млрд теңге инвестиция тартылған. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Сырымбетте орналасқан  кен орнында болып,  қазу  жұмыстарымен танысты.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Сырымбет ауылында орналасқан кен орны Орталық Азиядағы қалайы кен орынның ең ірісі. Қазақстандағы қалайының 65 пайызы осы жерде орналасқан.  Құнды қазбаның табылған жерін игеру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Жобаны жүзеге асыру үшін 18 жыл мен 100 млрд теңге жұмсалған еді.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Бұл біздің облыс үшін ең бірінші ірі жер қойнауын пайдаланушы. Аталған жобаның жүзеге асуын көп күттік. Облыс экономикасына рекордтық инвестициялар құйылады. Бұл шамамен 100 млрд.теңге. Келесі жылы тау-кен байыту комбинаты іске қосылады. Қалайы кен орнында 600 адам еңбектенбек.

Қазір кен орнында 56 адам еңбек етіп келеді. Жоба мемлекет тарапынан қолдауға ие. қазба жұмыстарын жүргізіліп жатқан жерді жарықтандыру электр желілері қойылып, 2016 жылы 50 мегаваттық станция салынды, қажетті коммуникациялар тартылды. Бұл мақсатқа бюджттен  2 млрд. тенге. бөлінді.  

ДМИТРИЙ ХВАН, «TIN ONE MINING» АҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕТОРЫ:

- Бұл жобамыздың жүзеге асырылуына көрсетілген ауқымды көмек. Бұл қазу жұмыстарынфң мерзімін қысқартып, шығынымызды азайтады. 

Республиканың қалайы қорының басым бөлігі солтүстік өңірде сақтаулы. Мамандардың айтуынша Сырымбетте  153 мың тонна қалайы жатыр. Жылына 10 мың тоннадан қазып алынбақ. Сарапшылардың жоспарынша, аталмыш жоба Қазақстанның  құнды түрлі-түсті метал өндіруші елдердің 10-дығына енуге мүмкіндік береді.

ДМИТРИЙ ХВАН, «TIN ONE MINING» АҚ ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Кен орны полиметаллды, аса күрделі нысан болып табылады. Мұндағы зерттеу, технологиялық  жұмыстарына көп қаражат пен күш жұмсалды. Жұмысымыздың нәтижесі табысты болатынына сенемін.  Өніміміз Ресей Федерациясына экспортталады.

Өндіріс негізінен 4 бөлікке бөлінген. Орталық бөліктегі қазу жұмыстарымен қатар, өзге  жерлерде де зерттеу дүргізіледі. ҚКарьердің тереңдігі  250 метрге дейін жетуі мүмкін. Қалайы құрамы бойынша жұмсақ, иілгіш металл болып келеді. Металлургияда оны түрлі метал қоспаларының құрамына қосып қолданады. Қалайыдан мойынтіректер( подшипник),  қола бұйымдарын, түрлі сымдарды жасайды.  

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...