ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ

15:20, 5 маусым 2019

Қазақстан алдағы уақытта импорттың үлесін азайтып, қарапайым заттар экономикасын дамытуы тиіс. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерге осындай тапсырма берді. Өңір бизнесмендері мен өз кәсібін ашам дейтін азаматтар бизнес идеяларын халық күнделікті тұтынатын тауарлар төңірегінде дамытуды қолға алды. Тұрғын үйлерге, балабақша мен мектептерге, кәсіпкерлік нысандар үшін пластик терезелерді жасаумен айналысатын  кәсіпорын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында алғашқылардың бірі болып, мемлекеттен қолдау алған.   

Қала тұрғыны Валентина Маркель 2011 жылдан бері пластик терезелерді жасайтын кәсіпорында жалдамалы қызметкер болып еңбек етті. Саланың қыр-сырын толықтай меңгеріп алған жас келіншек   жолдасы Станислав екеуі 2017 жылы өз кәсіпорынын ашады. Әуелі цех ғимаратын жалға алып жұмыс істеді. Кейін Қызылжар ауданының Белое селосында  техникалық қызмет көрсету станциясының ескі ғимаратын сатып алған. Бірақ, жөндеу жұмыстарына жиған тергендері жетпепті.    

ВАЛЕНТИНА МАРКЕЛЬ, КӘСІПОРЫН ДИРЕКТОРЫ:

- Екінші деңгейлі банктен 14 пайыздық ставкамен 10 млн теңге несие алдық.Біз үшін бұл өте қымбат әрине. Қуанышымызға орай, «Даму» қорының жаңа бағдарламасы банктың 6,5 пайызын субсидиялап, артылған жүгімізді біраз жеңілдетті. Оған қоса, кепілдің 50 пайызын қамтамасыз етті. 

Бұл қаражатқа кәсіпорын цех ғимаратының шатырын, жөндеп, жарық өткізді. Ол үшін трансформатор сатып алып орнату керек болды. Кәсіпорынның маңайын қоршап, жаңадан қақпа  орнатпақ. Қазір пластик терезелерді жасаумен айналысатын цехта 4 адам еңбек етеді. Негізінен өңірдің құрылыс нысандарына арнап тапсырыстарды орындайды. Айына шамамен 1000 шаршы метр өнім шығарады.

ЕВГЕНИЙ ЛАРИОНОВ, ШЫНЫ ПАКЕТ ҚҰРАСТЫРУШЫ:

- Бұрын істеген кәсіпорын жабылып қалып, мен жұмыссыз қалдым. Кейін  мұнда адамдар қажет екендігі жайында хабарлама көрген соң, бірден келдім. Өзім Петропавлда тұрамын. Енді отбасымның негізгі табысын мен қамтамасыз етемін. Жұмысын жақсы. Өзім білетін, жақсы көретін ісім.Келгелі бір күн де бос отырған жоқпыз. Тапсырыстар көп. 

Халық тұтынатын тауарлардың импортын азайтып, отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында  елімізде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске қосылды. Биыл  бұл мақсатқа 600 млрд теңге бөлінді. Оның 200 млрд-ды агроөнеркәсіп саласына, қалған 400 млрд теңгесі қайта өңдеу мен қызмет көрсету саласына бағытталады. 

ЖАНДОС НҰРҒАЗИНОВ, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ҚОРЫ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге банк несиесінің бір бөлігін субсидиялау қарастырылған. Бұл қолдаудің бір түрі. Екіншісі қарыз үлесін кепілдендіру. Айталық несие соммасы  3 млрд теңгеге дейін болса, Даму қоры 50 пайызға  дейін кепіл береді, егер кәсіпкер банктен  3 млрд теңгеден 5 млрд теңгеге дейін қарыз алса, кепілдіктің мөлшері 20 пайыз құрайды. 

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасына халық күнделікті өмірде қолданатын тауарларды шығаратын кез келген кәсіпорынды қолдайды. Бүгін облыстық  «Даму» қорынның қарауында  3,3 млрд теңгенің 16 жобасы жатыр. Оның 4-уін серіктес банктер қаржыландырып та үлгерді

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...