ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ СҰРАНЫСҚА ИЕ

18:00, 23 қазан 2018

Ресейдің Омбы қаласында қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған отандық сауда  дүкендерінде ай сайын 10 миллион теңгедан артық тауар сатылады.  Тілшіміз тарқатсын.

Алла Чистякова  қазақстандық тауарларды жиі тұтынады. Әсіресе макарон өнімдері мен тәттілердің сапасы жергілікті өнімнен анағұрлым артық дейді ол.

АЛЛА ЧИСТЯКОВА, ОМБЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бесбармаққа арналған кеспені ылғи сатып аламын. Дәмі керемет, пісіргенде жақсы, езіліп кетпейді. Басқа макарондар да дәмді. Қазақстандық тәттілерді көп сатып аламын.

НАТАЛЬЯ КОНДИБЕЙ, САТУШЫ:

- Жақсы көреді біздің тауарларды. Жатып қалатын кездері болмайды. Қаланың әр шетінен келіп алатындар да бар. 

Омбылықтар  қазақстандық дүкендерде  ай сайын кемінде 10 миллион теңгеге сауда жасайды. Аптасына екі рет тауар жеткізіледі.

САҒЫНДЫҚ СӘБИТҰЛЫ, ТІЛШІ:

- Бұл дүкенді Қазақстанның Омбыдағы бір бұрышы десе де болады. Мына сөрелерде самсап тұрған тауарлар біздің елімізде жасалған. Омбылықтардың арасында ет өнімдерінен басқа дәмі тіл үйіретін тәттілер де сұранысқа ие.

2022 жылға дейін өңделген ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты 2 жарым есеге артуы тиіс. Бұл Елбасы жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі. Қазақстандық тауардың сапасы жақсы, бірақ жарнамасы кемшін.

ҚОНЫСБЕК ЖҮСІПБЕКОВ,  КОНСУЛ:

- Ұн шығарып жатыр Қазақстанның бидайынан, мына Ақмола облысы мен Омбы облысының шекарасында. Қазақстанның тауарларын бері қарай кіргізу бойынша жұмыстар істеп жатырмыз. Бұған қоса мына Түмен облысында да бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Солтүстік Қазақстан Ресейдің 3 облысымен шектеседі. Негізінен ет-сүт өнімдері мен ұн экспортталады. Соңғы уақытта сүт өнімдеріне де сұраныс артып келеді дейді мамандар.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Теги: последние новости города Петропавловск сегодня, новости и события в Северо-Казахстанской области, Все свежие новости Петропавловска и СКО, Омбы, Қазақстан тауарлары Ресейде

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...