ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙДЫ

21:07, 21 ақпан 2019

Кез-келген өндірістегі жұмыстың ұйымдастырылуы мен шығарған өнімнің сапасы білікті технологтарға тікелей байланысты. Солтүстік Қазақстан шығарылған тауарларды бәсекеге қабілетті етіп, кадр тапшылығын жою мақсатында жергілікті кәсіпкерлер оқу орындарының студенттеріне өз базасында тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Ет өнімдерін жасаумен айналысатын  «Шаров» ЖК биыл алғаш рет М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерін өндірістік тәжірибеге қабылдады.

Нарықта 15 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын   шикідей сүрленген  шұжықтың 150-ден астамын, ал  пісіріліп суытылған шұжықтың 30 түрін шығарады.  Өндірісте 21адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі комбинат ашылғалы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар. Алайда білікті қызметкерлерге қашанда мұнда сұраныс жоғары.

ВИКТОР ШАРОВ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

- Жақсы жұмыс істегендерге, баспанаға мұқтаж мамандарға қызметтік пәтерлерді береміз. Басқа да әлеуметтік көмек көрсетуге тырысамыз. Қуанышымызға орай,  технолог мамандарды жуырда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де оқыта бастады. Биыл алғаш рет ЖОО 4 студенті бізге өндірістік тәжірибе алуға келді. Болашақта  оқуын тәмамдаған соң олар  бізге жұмысқа келеді деген сенімдемін. 

Жұмагүл Серікова Серпін бағдарламасы бойышна білім алуда. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 4 курс студенті. «Азық түлік өнімдерінің жалпы технологиясы» мамандығы бойынша оқып жатыр. Бойжеткен теориялық білімді тәжірибе жүзінде пысықтап, болашағын осы өндіріспен байланыстырғысы келеді. Өз ұсыныстары да бар.

ЖҰМАГҮЛ СЕРІКОВА, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ СТУДЕНТІ

Қалыптаушы Мария Яковенко кәсіпорын ашылғалы осында істеп жүр.  Өндірістің технологы бүгін өндірістік тәжірибе алуға келген студенттерге бар білгенін үйретіп жүр.

МАРИЯ ЯКОВЕНКО, ҚАЛЫПТАУШЫ:

- Кезінде біз жұмыстың бәрін қолмен істейтінбіз. Қазір негізінен автоматтандырылған бәрі. Қыздар жаңа құрылғыларды тез меңгерді. Енді оларды шұжықтарды байлау әдісіне үйретіп жатырмыз.

Кәсіпорын басшылығы болашаққа ауқымды жоспарлар қойып отыр. Оқуын тәмамдап, жұмысқа келетін жас мамандар, өздерімен бірге тың идеялар әкеліп, өндіріске жаңа серпін беретініне сенімді.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...