ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ НЕ КЕДЕРГІ?

17:50, 26 маусым 2019

Солтүстік Қазақстан облысындағы бизнес саласын одан әрі дамыту және кәсіпкерлердің жолында кездесетін кедергілерді жою. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір кәсіпкерлерімен кездесуінде осы мәселе талқыланып, мемлекеттік органдармен қабылданған механизмдердің жұмыс істеу дәрежесі сөз болды.

Бүгінгі кездесу бұрынғыдан өзгерек. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кәсіпкерлермен мәжіліс залында емес, ашық-жарқын сөйлесу үшін үстел басында жиналды. Кәсіпкерлердің сөзінше әлі де бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілер баршылық. Алайда билік пен бизнес арасындағы қатынасты оңтайландыру үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Нәтижесінде 2017 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер тарапынан түскен шағымдар едәуір азайған және 300 млн. теңгенің жүзге жуық проблемасы оң шешімін тауып отыр.

ДАРХАН ҚАЛИЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Севказэнерго компаниясы 903 жеке кәсіпкерге 40 млн. теңгеден астам заңсыз комуналдық төлем жіберген. Біздің араласуымыздың арқасында мәселе шешілді. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуда, салық төлеу мен жер мәселесі бойынша шағымдар бар.

Кәсіпкерлерге кез келген салада мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Алайда олар да жұмысына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы жерді жалға алып, пайдаланбайтын шаруашылық, құрылыс саласының өкілдерін сынға алды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

- Біз Шығыс шағын ауданындағы үлкен жер аумағын мемлекетке қайтардық. 10 жыл бұрын «Құлагер» құрылыс компаниясы бұл жерге 10 котедж салып, олар әлі күнге дейін бос тұрды. Біз сот арқылы 20 гектар жерді қайта алдық. Одан басқалары да бар. Кей кәсіпкерлер жерді алып, оған қоршау қояды да сол күйі ұмытып кетеді. Енді мұндай бос тұрған барлық алаңдар тексеріледі.

Аймақ басшысының сөзінше облыстағы кәсіпкерлік саласын әлі де дамыту керек. Қызмет көрсету орындары кешкісін ерте жабылып қалады, сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемей өздеріне демалыс жариялайды. Мұнымен жұмыс өнбейді, халық та қанағаттанбайды. Петропавлда бизнестің бағыты да бірбеткей, көбі тек саудамен айналысқысы келеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің кәсіпкерлердің 40 пайызы саудамен айналысады екен. Өндіріс көлемі 4 пайыз ғана, ауыл шаруашылығымен кәсіпкерлердің 20 проценті айналысады. Үкімет Бизнестің жол картасымен 600 млрд. теңге  бөлді, 8 пайыздық үстемемен, ал бізде бұл бағытта тек 500 млн. теңгенің 4 жобасы ғана мақұлданды. Жеңілдетілген несие беретін бизнестің 108 бағыты бар, ал біз тек дүкендер аша берміз, неге мүмкіндікті пайдаланбаймыз?

Құмар Іргебайұлының сөзінше ауылдардан өзге өңірлерге көшіп жатқан азаматтар да жергілікті ауыл шаруашылық құрылымдары төлеп жатқан еңбекақының аздығынан, жағдайдың жоқтығынан кетуде. Жері бар адам, жұмысшыларға, тұрғындарға тіреу болу керек. Сондай-ақ бизнестің дамуына тағы бір кедергі тұтынушылардың есепшот карточкасымен төлем жасай алмауы. Шағын кәсіпкерлер қолма-қол ақшаны құп көріп, пост-терминалды қолданбайды. Бұл әдеттен арылу керек.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Швеция елінде кәсіпкерлердің тек 2 пайызы ғана қолма-қол ақшамен жұмыс істейді. Қалғаны төлемдерді карточка арқылы қабылдайды. Өйткені бұл өте ыңғайлы. Өзге дамыған елдер де Q-код арқылы сауда жасайды, өйткені солай ақшаңның қайда кеткенін біле аласың, қашан, қайдан, қаншаға не сатып алғаныңның бәрі жазылып тұрады. Сол жүйені кәсіпкерлер көбірек енгізу керек.

Облыстағы жұмыс күшін көбейту мақсатында оңтүстік өңірден көшіп келетін азаматтардың қатарына Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары да қосылды. Енді ауылды аңсаған елордалықтар да  мемлекеттік бағдарламамен көшіп келіп, елді-мекендерде жұмыс істей алады. Оларға баспана салып берген кәсіпкердің шығынын да мемлекет өзі өтейді, әрбір баспана үшін 7 млн. теңгеге дейін қайтарылады. Аймақ басшысы облыс орталығын көркейту үшін де арнайы жобалардың қабылданатынын айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жоспар бойынша біз Копай ықшам ауданын дамытамыз. Ондағы үйлерді сырып, жаңа магистрал салып, зәулім үйлер тұрғызамыз.. Құрылысқа жеке кәсіпкерлер белсене атсалысуы керек, бізге жаңа жобалар керек. Жас өркендегі жұмыстар да жалғасады. Біз ескі үйлердің орнын толтыруға дайынбыз.

ЕКПІН ӘБИЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Қаланың басты жоспарын жасауды жергілікті кәсіпкерлерге тапсыру керек. Өйткені Алматы не болмаса басқа да қалалардың кәсіпкерлері біздің Петропавлдың қалай тұрғанын қайдан біледі, олар қалай жоспар құрады біз үшін? Сондықтан жоспар түзуде біздің кәсіпкерлерге басымдық берілсе.

Облыс әкімі осы және де басқа ұсыныстарды тыңдап, дұрыс шешім қабылданатына сенім білдірді. Сондай-ақ, қаламыздың көркеюі жаңа ғимараттарға ғана байланысты емес екенін айтып, әр азаматты, әрбір кәсіпкерді өзіне қарасты аумақтарды жөнге келтіріп, айналасын таза ұстауға шақырды. Айта кету керек, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...