ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

13:15, 19 маусым 2019

Шал Ақын ауданының белсенді депутаттарының бірі, әрі кәсіпкер Сергей Окунев жерлестерінің өмір сүру деңгейін жақсартуда аянбей еңбек етіп келеді. Ірі серіктестіктің директоры жұмысшыларына үй салып, ауыл мектебінің жөндеу жұмыстарына көмектеседі. Арна тілшілері Мерген ауылына барып, елдімекеннің тыныс тіршілігімен танысты.

«Гермес Агро» ЖШС егіншілікпен қатар мал шаруашылығын қатар алып жүр. Кәсіпорында 70 жуық адам еңбек етеді. Жұмысшыларының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында Сергей Окунев тұрғын үйлерді тұрғызып,  меншігіне тапсырады.

СЕРГЕЙ ОКУНЕВ, СЕРІКТЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ:

- 2016 жылы құрылысты бастадық,  2017 жылы  қолданысқа 4 үй тапсырдық. Әр қайсысы 100 шаршы метр.  Сол жылы тағы 5 үйдің негізін қаладық. Биыл оларды қолданысқа береміз. Үйлер орталық жылу беру жүйесіне қосылған.

Туған жеріне жасап жатқан жақсылығын көрген халық Сергей Окуневті депутат қып сайлады. Оның сайлау участкесі  - 5 елдімекені бар  Городец селолық округы.  Жергілікті әкім мен тұрғындар депутаттың жұмысына риза.  Демеушілікпен қатар, қоғамдық өмірге де белсенді қатысып келеді.

ГҮЛМИРА ҚАПЕЕВА, ГОРОДЕЦКОЕ  СЕЛОЛЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жергілікті мектепке ауқымды көмек көрсетеді. Былтыр 2 млн теңгеге мектептің кіреберісін жөндеп берді. Оған қоса, биыл жылы дәретхананы тапсырмақ. Балалардың сайыстары болғанда, сыйлықтармен қамтиды.

Кәсіпкерлік пен депутаттық жұмысты қатар алып жүру оңай емес дейді Сергей Окунев. Айтуынша қай салада еңбек етпе – адамгершілікті ұмытпау қажет.

Наталья АИТОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...