ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТ ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

17:54, 21 ақпан 2019

Облысқа жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысының  орынбасары Асқар Жұмағалиев облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен Киров атындағы зауытты аралады.    90 жылдық тарихы бар кәсіпорын заман ағымына сай жаңарып, мұнай, темір жол, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы салаларын цифрландыруға қажетті құрылғыларды шығарумен айналысады. Келесі сюжетте толығырақ. 

М.Киров атындағы зауыт 3D принтерлерді, дәлдігі жағынан 5-дәрежелі баспа платаларды, мұнай-газ, темір жол  кешендері мен цифрлы телевизия және ұялы байланыс кешендеріне арналған өнімдерді жасайды. Өткен жылы кәсіпорын 4 млрд теңгенің өнімін шығарды. Биыл 6,5млрд теңгенің өнімін жасау жоспарланған. Оған қоса, былтыр мемлекет тарапынан зауыттың жаңаруына қомақты қаражат бөлінген. 

МӘДИ БЕКТЕНОВ, М.КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТТЫҢ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ САТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Үкімет басшысының  орынбасары Асқар Жұмағалиев зауыттың жұмысымен танысып,  жаңа құрылғылардың қуаттылығы мен тиімділігін байқады.

НАТАЛЬЯ КОЖЕМЯКИНА,ТЕХНОЛОГ:

- 2017 жылы сатып алынған мына құрылғы баспа тораптарды шығару өндірісінің қуаттылығын  10 есе арттырды. Сапасы да айтарлықтай өсті. Өйткені автоматтандырылған машинаның дәлдігі қолмен істегеннен гөрі жоғары. 

Киров атындағы зауыт қорғаныс саласына қажетті қондырғыларды шығарумен де айналысады. Соңғы 10 жылда 115 командалық штабтық машиналарды құрастырды. Кәсіпорынның бас директоры Амангелді Арғымбаев  өңір қонақтарын  шығарған өнімдерімен таныстырды.

АМАНГЕЛДІ АРҒЫМБАЕВ, «С.М.КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТ»АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Командалық штабтық машиналардан басқа,  өзіміз жаңа қондырғы да ойлап тауып, қазір сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл - ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізе алатын радиорелейлік станция. 

Асқар Жұмағалиев теміржол көлігі, мұнай, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын цифрландыру үшін шығарылатын құрылғыларды көріп өндірістің болашаққа жоспарларымен танысып, оң бағасын берді.     

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар