ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

18:17, 16 мамыр 2018

Солтүстікқазақстандық  диқандар егіс науқанына  кірісті. Биыл облыс бойынша 4,8 млн гектар жерге дән себілмек. Майлы дақылдар аумағы 285 мың гектарға артып, 1 млн гектарды құрамақ. Картоп - 45 мың, көкөніс 10 мың гектар жерге отырғызылмақ. Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Нежинка-Ерке» серіктестігі биыл майлы дақылдар  егуді қолға алған.

 «Нежика-Ерке» серіктестігінің  шаруалары егін егуге 12 мамырда кіріскен. Алдымен жем-азықтық  дақылдарды екті. Қазіргі таңда  төрт егіс кешені зығыр себуге көшкен. Диқандар  оны  5 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Ал басқа егістік алқаптарына дәнді  дақылдар   сіңірілуде.

АНТОН МЕНЬШЕНИН, «НЕЖИНКА-ЕРКЕ» ЖШС БАС АГРОНОМЫ:

- Біздің агроқұрылымда майлы дақылдарға басымдық берілген. Өткен жылмен салыстырғанда майлы  дақылдар  аумағы 1 мың гектарға арттырылды, ал астық өнімдері 13 мың гектар аумақты алып жатыр. 100 гектар жерге рапс  екпекпіз. 

Егістік алқаптарында механизаторлар екі ауысымда жұмыс істейді. Олар  ауа райының қолайлы күндерінде  тұқымды дер кезінде сіңіруге асық. Егістік басында шаруалар ыстық аспен де қамтылған.  

НАТАЛЬЯ КУДРЯШОВА, БАС АСПАЗ:

- Бүгін біз диқандарға макарон, гуляш, тефтели және борщ әзірледік. Азық-түліктің барлығы өзімізден. Айталық ет, сүт өнімдері, қарақұмық, қызанақ. Бұлардың барлығын өңдеп пайдаланамыз

Мұнда механизаторларға барлық жағдай жасалған. Диқандар дән себуді оңтайлы уақытта аяқтауды жоспарлауда.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА, Ляззат САЛЫКОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, көктем, егін, агроқұрылым

Тақырып бойынша материалдар

МЕТАЛЛ-ПЛАСТИК БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ БЫЛТЫР 1,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН САУДАЛАДЫ
21:06, 15 қаңтар 2019
МЕТАЛЛ-ПЛАСТИК БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ БЫЛТЫР 1,5 МЛРД ТЕ...
Толығырақ...
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
20:49, 13 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЫЛТЫР АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН 22 ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛДІ
14:01, 15 қаңтар 2019
БЫЛТЫР АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН 22 ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛДІ
Толығырақ...