ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚОҚЫС – ІСКЕ ҰҚСАТҚАНҒА ПАЙДА КӨЗІ

14:13, 25 қаңтар 2019

Осы жылдан бастап полигондарда тұрмыстық қатты қалдықтар, шыны, пластмасса мен  полиэтиленді алдын-ала өңдеусіз көмуге тыйым салынады. СҚО аумағында 17 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істейді, алайда қайта өңдеу мен сұрыптау жұмыстары жүргізілетін орындар жоқ. Экологиялық кодексті бұзғаны үшін қандай жаза қарастырылады және тыйым салынған қалдықтарды қабылдау орны қайда? арнамыздың тілшілері тарқатады.

Жыл сайын өңірімізде 66 мың тонна қоқыс жиналады. Қоқыстар сұрыпталмағандықтан қалдықтарды  қайта өңдеу үлесі - 7,5 пайызды ғана құрайды. Осы жылдың қаңтарынан бастап полигонға пайдаланылған пластамасса, пластик, полиэтиленді, макулатура және картон,шыны, ірі көлемді қалдықтарды шығаруға тыйым салынады. Ал 2021 жылдан бастап құрылыс пен тамақ қалдықтарын көмуге болмайды.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы жылдан бастап ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер  енділарға сай полигондарға пластмасса, пластика, полиэтилен, макулатура, картон, шыны тәрізді қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады. Экологиялық кодекстің осы нормаларын бұзған  жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұрын Петропавлда қоқыс сұрыптау кешені болған, алайда қазіргі уақытта қалада ғана емес, облыста тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын полигондар жоқ. Сондықтан бұл өзгерістер қалай қолданылатыны әзірге белгісіз.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Полигон иелері мұны жүзеге асыруы тиіс. Бақылау бізде тек тексеру нәтижелері бойынша. Немесе жеке тұлғалардың өтініші негізінде осы фактінің бұзылғанына көз жеткізуге құқымыз бар.

Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жұмысы жақсы табыс көзіне айналған.  Мәселен,  "Радуга" кәсіпорнында бұрын қолданылған полимерлер өңделеді және халық тұтынатын қажетті тауарлар шығарылады. Шикізатты  алдын ала сұрыптайды және мұқият жуады, содан кейін түйіршіктер өндіретін арнайы қондырғыға салады.

ЕВГЕНИЙ ЛИ, "РАДУГА" ЖШС МЕТАЛЛПЛАСТИК БҰЙЫМДАР ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл өндіріс бізде 2002 жылы Бескөл аумағында құрылып, содан бері жұмыс істеп келеді. Барлық техникалық құралдарды жаңартып, қуаттылығын 2 есе көбейттік. Термопластавтоматтар, термопленка және пакеттік жабдықтар сатып алынды. Өнім атауының 30% - ы өнім ассортиментіне қосылды. 2 есеге  өндіріс көлемі де артты.

Шикізаттарды қайта өңдеу кем дегенде екі міндетті шешеді. Біріншісі: экологияны таза ұстауға үлес қосады. Өйткені полиэтилендер қоршаған ортаны ластайды.  Ал  екіншісі пайда көзі болып табылады. Себебі, макулатура мен басқа да қатты тұрмыстық қалдықтар ақшаға қабылданады. Бөлек жиналған қалдықтар- қоқыс емес, керісінше қайталама шикізат.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...