ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ӨНІМІ СҰРАНЫСҚА ИЕ

21:30, 18 қыркүйек 2018

Облыстағы «Алекри» құс фабрикасы жергілікті нарықты толық қамтып қана қоймай, өз өнімдерін көрші Ресейге саудалап жатыр. Бұл – мемлекеттің қолдауының нәтижесі. Кәсіпорын әр сатылған жұмыртқаға субсидия алады. Бүгінде фабрика құрылғыларын толық жаңалап, өндіріс қуатын арттырған. Енді аумағын аббаттандырып жатыр.

«Алекри» ЖШС 1992 жылы құрылды. Бүгін 6 өндіріс цехында голланд тұқымды  500 мың мекиен-тауығы бар. Шөжелерді  Екатеринбург қаласынан әкеледі. Сағатына  шамамен 110  мыңға жуық жұмыртқа шығарылады.

ВИТАЛИЙ РУБАС, БАС ТЕХНОЛОГЫ:

- Екі түрлі кроспен жұмыс істйміз. Голландиялық тұмымды құстардың, өнімділігі жоғары. Тауықтардың өнімділігін пайызбен санаймыз. Ең жоғарғысы 96 пайыз. Кейін түсе бастайды. Осы кезде оларды өсіру тиімсіз. Яғни 630 күннен кейін, яғни бір жарым жастағы тауықтарды жаңалармен алмастырып отырамыз.  Өткен жылы 138 млн жұмырқа өндіріп алдық. Биыл да осы көрсеткіштен түспейміз деп отырмыз.  

Өндіріс көлемін арттырып, шетел нарығына шығудың арқасында, кәсіпорынның табысы да ұлғайды. Бүгін өнімнің 30 пайызы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне жеткізіледі. Осы қаражатқа соңғы жылдары кәсіпорында ауқымды жаңарту жүргізілді. Қазір өндіріс процессі толықтай автоматтандырылған. 6 өндіріс цехтің біреуі толықтай бұзылып, қайтадан үлкейтіліп салынды. Бір корпуста 125 мың тауық өсіріледі. «Алекри» серіктестігі жыл сайын өндірілген жұмыртқа көлеміне субсидия алады. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, мемлекет көмегінің бұл түрі ауылшаруашылық тауарөндірушілері үшін ең қажеттісі.

ТАТЬЯНА ЧЕРНЫХ, ҚҰС БАҒУШЫ:

- Құс кешенінде 23 жыл істеп келемін. Қазіргі жабдықталуыды бұрыңғы кезбен мүлде салыстыруға келмейді. Басында құстар саны да, жұмысшылар да аз болатын. Бәрін қолмен істейтінміз. Қолмен жинап, сұріптау цехіна дейін көтеріп апардық. Қазір жұмыс негізінен втоматтандырылған. Айталық мына корпустағы 125 мың тауыққа небары екі адам қарайды. 

Жұмыртқа мына конвеер арқылы сұрыптау цехына жеткізіледі. ұзындығы 200 метрден асатын құрылғыны кәсіпорындағылар «анаконда» деп атап кеткен. Голландиядан жеткізілген «Любинг» фирмасының өнімі серіктестікте 2010 жылы орнатылған. Жуырда бұл конвеердің қасына екіншісі қосылды. Бұған дейін өндіріс цехтарынан сұріптау бөліміне дейін жұмыртқаларды автоматты жеткізетін құрылғы ашық аспан астында жұмыс істесе, енді «анаконданың» сырты қапталып, ішіне жылу берілді. Енді жауын-шашын, жел және табиғаттың басқа да кері әсері өнімнің тұтастығына кедергі келтірмейді. Сұрыптаушы Любовь Якушина  «Алекри» құс кешенінде 7 жыл істеп келеді. Соңғы жылдары болған оң өзгерістердің бүгін нәтижесін көріп отыр. 

ЛЮБОВЬ ЯКУШИНА, СҰРЫПТАУШЫ:

- Жұмыртқаны сұрыптау цехіне дейін трактормен жеткізіп отырғанымыз есімде. Қазір екі экспортермен тез жеткізіледі. Тіпті жұмыртқа суып та үлгермейді. Біз оларды бірнеше рет сұрыптаймыз. Әуелі жарылған және кір жұмыртқаларды алып тастаймыз. Кейін көлеміне қарай бірінші, екінші санатқа бөлеміз. Фабрикада ақ және қоңыр тұқымды құс болғасын, олардың жұмыртқалары  да түске қарай сұрыпталады. Бірақ пайдалылығы мен дәміна ол еш әсер етпейді. Цехіміз де екінші құрылғымен толықты. Енді сағатына екі есе көп өнім сұрыптай аламыз. 

Өнім Қазақстанның барлық қалалары мен Ресейдін Омбы, Түмен, Томбов, Тверь ,Орал, Қорған қалаларына және Қырғызстан, Тәжікстан, Туркменстан республикаларына жөнелтілетіндіктен өнімді қаптау ісіне көп көңіл бөлінді.Сұраныстың артуына байланысты, кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, жылына 200 млн данаға дейін жеткізбек ниетте.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...