ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНДА ҚҰС ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

20:49, 13 желтоқсан 2018

Еліміздің Тәуелсіздігі мерекесі күніне орай Қызылжар ауданы Кондратовка ауылында жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы өзінің жұмысын бастады. Құс ауласы ЖШС  директоры Амиль Сулейманов қожалықты өз  қаражатына салған. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып және облыстың экономикалық жағдайын көтеруге үлес қосқалы тұрған кәсіпорын жайлы келесі бейнесюжетте.

Амиль Сулейманов Кондратовка ауылында құс фабрикасын дамытуды  көздейді. Кәсіпорын шамамен бір ай бұрын ғана іске қосылған. Мұнда «белый хасикс» асыл тұқымды 20 мыңға жуық тауық жеткізіліп, бұл құстар әзірге күніне 12 мыңға тарта жұмыртқа салады.  Апта сайын 70 мың данадан  аса өнімді облыс орталығының көтерме саудагерлері әкетіп отырады. Бір жұмыртқаның құны шамамен 21 теңге.

АМИЛЬ СУЛЕЙМАНОВ, ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Барлығын өз қаражатымызға салдық. Жоба құны  80 млн теңгені құрады. Бұл қаражат құрылыс жұмыстарына, техникаға, тауықтарға жұмсалды. Барлық техниканы «Аллегри» ЖШС-нан сатып алдық. Жалпы дайын өнімімізді СҚО, Қостанай, Көкшетау қалаларына жеткізіп отырамыз.

Жұмыртқа- таза экологиялық өнім, дейді мамандар. Құстарды тамақтандыру үшін күніне 5 тоннадан аса жем шөп  кетеді. Жұмыс орнында 15 қызметкер бар. Олардың орташа жалақасы 100 мың теңге. Қызылжар ауданы бойынша   орташа еңбекақы мөлшері 102 мың теңге болғандықтан, ауыл тұрғындарына бұл тиімді екенін аудан әкімі де атап өтті.

ЖАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біріншіден, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылғаны маңызды. Жалақыларыда қанағаттандырарлық. Алдағы уақытта бұл кәсіпорынның ұлғаю көзделіп отыр. Жиырма мыңнан 300 мыңға дейін құс басын арттырмақпыз. Жалпы аудан бойынша құс фабрикаларына бір млрд аса қаражат бөлініп отыр. Осы жылы 20 пайызға экспортты ұлғайтып отырмыз.

Кондратовка ауылында 460 жуық тұрғын бар. Марина Букинова кәсіпорында ең маңызды қызметтің бірін атқарады. Ол - аса нәзік, сынғыш жұмыртқаны қорапқа жинау. Қызмет орнында көрсетілген жағдайға көңіл толарлық, дейді.

МАРИНА БУКИНОВА, ҚЫЗМЕТКЕР:

Барлығымыз бір ауылдан болғандықтан, бір-бірімізді танимыз, білеміз. Сондықтан болар,  ұжымымыз өте тату. Жұмыс уақыты сағат таңғы тоғыздан, кеші алтыға дейін. Жұмыртқаны түске және кешке дейін жинаймыз. Түнде тауықтар демалады. Осылай күн сайын қайталанып отырады. Жұмысым өзіме ұнайты.

Аталмыш Құс ауласы ЖШС-нің иелігінде  жалпы 20 гектар жер бар. Оның 1 гектарында құс фабрикасы тұрғызылған.Енді қалған бос жерге алдағы 5 жылдың ішінде тағы тауық қоралары салынып, құстың санын 300 мыңға дейін жеткізбек. Қызылжар ауданы бойынша 5 құс фабрикасы бар. Оның төртеуі жұмыртқа шығарады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
17:15, 27 қараша 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:40, 25 қараша 2020
«ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...