ШҰҒЫЛ! ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ Толығырақ

МАҚСАТ - АЙҚЫН, МЕЖЕ - БИІК

17:57, 3 сәуір 2019

Өңірде кәсіпкерлерлік қарқынды дамуда. Осыдан үш жыл бұрын мал шаруашлығын қолға алған «Большая малышка» ЖШС бүгінде төрт түлгін көбейтіп, сүт өндіруді жақсы жолға қойған. 20 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруа қожалығы көктем келісімен мал қорасын үлкейтпек. Оған қоса сүт фермасын ашып, өз өнімдерін дайындап экспортпен айналысуды жоспарлап отыр.  

Дәл осы көлікпен серіктестік базасынан күніне 800 литр сүт «Маслодел» компаниясына жеткізіледі. Әр литрін 105 теңгеден саудаласа, тағы 10 теңгені мемлекет субсидия ретінде береді.

ДМИТРИЙ ЯЩИН, ЖҰМЫСШЫ:

Менің жұмысым сағат таңғы 6 - да басталады.  Осы кезде сауыншылар сиыр саууға кіріседі. Сөйтіп сағат сегізде сүтті  қалаға алып кетем. Күніне екі рет қатынаймын.

2004 жылы құрылған серіктестік бертінге дейін егіншілікпен айналысып келген. Ал 2016 жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша мемлекеттен 38 млн теңге несие алып 100 ірі қара сатып алыпты. Қожалық басшысы  мал шаруашылығына бет бұрғанына еш өкінбейді. Өйткені қазірдің өзінде түрт түліктің пайдасын көре бастаған.

ЕРҒАЛИ ҒАБДУЛЛИН, «БОЛЬШАЯ МАЛЫШКА» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бұған дейін ауал тұрғындары тек көктемде және күзде ғана жұмыс ітейтін. Ал басқа уақытта үйлерінде отыруға мәжбүр болатын. Сөйтіп мал шаруашыығымен айналыса бастадық.  Енді міне жыл бойы жұмыс тоқтамайды. Тұрғындар да риза. Екі қолға бір күрек іздеп сабылудың қажеті жоқ. Төрт түлігіміз жыл сайын көбеюде. Бұқаларын сатып, ұрғашыларын алып қалудамыз. Өйткені біз сүтті бағытына басымдық береміз 

Бүгінде серіктекстік базасында 200 ірі қара бар.  Мал санының артуына баланысты жаңа қоралар салу керек . Сондықтан мамыр айында мемлекеттен тағы несие аламын дейді қожалық басшысы.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Банктің кепілдігінде жатқан базаны дәл мына базаны кәсіпкер сатып алып, оған қаржы құйып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп пайдасына жаратып отыр. Осыдан үш жыл бұрын ғана дәл мына қора аналар секілді тозығы жетіп қирап жатқан болатын. Айта кеткен жөн әрбір осындай базаны жөндеу үшін сегіз миллион теңге қаражат қажет.

Қызылжар ауданына қарасты алақандай ауылда орналасқан шаруа қожалығында бүгінде 20 адам еңбек етеді. Осыннан нәпақасын тауып, отбасын асырап отырғандардың бірі Мейірбек Әшірбеков. Ол үш жыл бұрын арнайы бағдарлама бойынша өңірімізге қоныс аударған. Келісімен жұмысқа тұрған.

МЕЙІРБЕК ӘШІРБЕКОВ, ЖҰМЫСШЫ:

Жалақымызды уақытылы алып жатырмыз. Бтыл еңбекақымыздың үстіне тағы қосылды.  Жанұямызға жеткілікті. Осында келеміз жұмыс жасаймыз. Уақтымыз таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін.

Серіктестік басшысының ендігі көздегені мал санын 300 – ге жеткізіп шағын болсада өзніңің сүт фермасын ашу. Сөйтіп ақтан әзірленетін өнімдерді өздері дайындап, көрші елдерге экспорттау. Бұл ауданның экономикалық әлеуітін артырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына жол ашпақ.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКСТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
13:15, 19 маусым 2019
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
17:54, 13 ақпан 2020
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АҚПАРАТТЫҚ СТИКЕРЛЕР ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...